Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті еліміздің бірнеше қаласында өткен террорлық шабуылдар нәтижесінде қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Құқық қорғау қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Террористерге қарсы шайқастарда қаза тапқан батырларға мәңгілік тағзым етеміз.
Бүгін 10 қаңтар Қазақстанда еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды! Ресми мәліметтерге сәйкес орын алған қайғылы оқиғаларда күш құрылымдарының 18 өкілі: полиция, Ұлттық гвардия жауынгерлері, курсанттар, офицерлер қаза болған. Тәртіпсіздіктердің құрбандарының арасында қарапайым азаматтар, балалар да бар.
Адамдардың жапа шегуімен қатар, ірі қалалар, инженерлік инфрақұрылым, әкімшілік ғимараттар қатты зардап шекті. Алматы бандиттердің, террористердің қолымен қиратылды. Қазақстандықтардың қауіпсіздігіне қол сұққандарға кешірім жоқ, адал адамдардың бизнесін тонаған варварларға кешірім жоқ, жазықсыз адамдарды атып өлтірген адамдарға кешірім жоқ.
Орын алған қайғылы оқиға – бүкіл Қазақстан халқы үшін орны толмас қасірет, қазақстандықтардың жүрегінде ұзақ сақталары хақ. Бірақ біз бірге өз үлесімізге түскен осы қасіретті жеңеміз.
КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!