Семіздіктің алдын алу бойынша шеберлік сыныбы
Дәрігердің жолы – жеке үлгіден басталады!
Артық салмақ – бұл тек эстетика емес, бұл жүрекке, буындарға және зат алмасу процесіне түсетін үлкен салмақ. Дене сауықтыру орталығы сізді Семіздікпен күресудің дүниежүзілік күніне арналған интерактивті шеберлік сыныбына шақырады.
Біз аурудың алдын алу қызықты әрі белсенді болуы мүмкін екенін дәлелдейміз! Сіз оқу кестесі тығыз болса да, денені қалай қалыпта ұстау керек екенін білесіз. Үй жағдайында да жасауға болатын жаттығулар кешенін меңгересіз. Күні бойына жететін сергектік аласыз!
Студенттер мен оқытушыларды күтеміз. Денсаулыққа бірге қадам жасайық!
ҚОЗҒАЛЫС — ОЛ ӨМІР!
Семіздіктің алдын алу бойынша шеберлік сыныбы
Бағдарламада: Сау метаболизмнің құпиялары, Тиімді май жағатын жаттығу
Күні: 2026 жылғы 25 ақпан
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: ҚазҰМУ спорт залы



