СЕНБІЛІК
СЕНБІЛІК
2015 жылғы 17 қазан күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымы мен студенттері қалалық сенбілікке шыққан болатын.
Сенбілікке университетіміздің қызметкерлері, оқытушылары, студенттік ұйым мүшелері, белсенді студентері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар университетке қарасты оқу корпусының бойында орналасқан көшелеріне және ішкі территориясына тазалау жұмыстарын жүргізді.
Студенттердің өзін-өзі басқару бөлімінің жетекшілігімен Университеттің студенттік үкіметі төрағасы Бөріхан Ерболат барлық студенттік ұйымдардың басшылары мен мүшелерін, студенттік декандар мен факультеттің студенттік үкіметі төрағаларын, белсенді студенттерге топ бастады.
Сенбіліктің тиянақты өтуіне университет белсенділері, оқытушылары мен қызметкерлері барынша ат салысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Сенбілікке қатысқан студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге университет әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!
СӘМҚДД, Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі