«Спасем Чемпиона» қайырымдылық іс-шарасын өткізді
2015 жылдың 4 қазан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жастар Денсаулық Орталығы», «Көмек» Қайырымдылық ұйымы, «Дос» Қайырымдылық ұйымы, АУЭС тің «Children Charity Club» атты ұйымдары және Алматы қаласы бірнеше ЖОО-ның студенттері бірлесе «Спасем Чемпиона» қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шара әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы, кикбоксер Азамат Нүрпейісовті қолдауға арналған іс шара болды. Айта кету керек, қазіргі таңда Азамат Нүрпейісов онкологиялық дертке – өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан. Аталмыш іс-шара Алматы қаласы «Орталық Демалыс паркінде» өткізілді. Қала жастары мен тұрғындары барлығы ат салысып, қашықтыққа жүгіріп, артынша арнайы флешмоб пен концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Іс-шара барысында жиналған қаражаттың (71594 тг) барлығы азаматымыздың еміне берілді. ҚазҰМУ Жастар Денсаулық Орталығының студенттері алғашқы көмек көрсетуге әрқашан дайын болды. Сонымен қатар аталмыш іс-шараға «Жалпы медицина» факультетінің студенттік деканаты да белсене қатысты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға қатысқан жастар, «Орталық Демалыс паркіндегі» адамдарды белсене қатысуға шақырды. Бұл іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табады. Соған біздің жастар белсенді дайындық үстінде. Келесі кезеңдерге белсенді түрде ат салысуға баршаңызды шақырамыз! автор Ермек Рахмет