Студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу
Қазіргі таңда құқық мәдениеті үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған университеттің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі – азаматтық – патриоттық, құқықтық тәрбие. Бұл –студент жастардың өсіп-өнуіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру оқытушылар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік — құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді.
Осы орайда, 2016 жылдың 19 қазан күні сағат 19.00-20.00-аралығында студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен (СЖЖБ директорының орынбасары Байзаханов А.А., СӘҚҚК бөлімінің жетекші маманы Акчина Г.М.) студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №7 студенттік жатақханасының оқу залында «Жалпы медицина» факультетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, Алматы қ. Алмалы ауданы инспекциясы басқармасына қарасты полиция аға лейтенанты – Тохмулдинов А.Г. «Әкімшілік құқық бұзушылық», «ҚР қылмыстық кодекс және ұрлық, қорқыту туралы», Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша полиция капитаны – Амантаев Ж. «ҚР кодексінің 336-1 бапқа сәйкес, қоғамдық орындарда шылым тартпау туралы» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға 1,3,4 курс студенттері мен тьюторлары (Бейсегулова Г.Н., Жакупова Қ.Б.) қатысты. Жалпы қатысқан студенттер саны – 90;