Студенттердің жемісті білім алулары үшін ҚазҰМУ-да жаңа корпус ашылды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жаңа оқу корпусы Жамақаев к-сі, 99. Горный Гигант ықшам ауданында ашылды. Жаңа корпус қазіргі таңда университетіміздің үздік оқу корпусы болып табылады.
Ұзақ жылдары аралығында Қазақстанның медициналық кадрларын даярлайтын жетекші университетіміз қаланың әр бұрышында қосымша ғимараттарды жалға алып келеді. Енді ескі корпустармен бірге жаңа корпус ашылды.
Жамақаев көшесінде орналасқан 8500 шаршы метр аумақтағы жаңа ғимарат алаңында патологиялық анатомия, гистология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, визуалды диагностика мен пропедевтика кафедрасы орналасатын болады. Жаңа ғимаратта 2018 жылдың 1-ші ақпанынан бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1,2,3 курс студенттеріне сабақ жүргізіле бастайды.
Ғимаратта студенттердің білім алуларына толықтай жағдай жасалған: 3 конференц-зал, лабораториялар, оқытушы-профессорлық құрам мен студенттерге арналған асхана, гардероб, көлік қоятын орын бар. Оқытушылар мен студенттердің қолайлылығы үшін 25 адамдық университеттік автобус жүретін болады.
Жаңа ғимарат қазіргі таңдағы университетіміздің үздік корпусы болып табылады.
Осы ретте университет әкімшілігіне алғыс білдіріп, студенттерге білім алу жолында сәттілік тілейміз!
Университетіміздің білім беру саласында жетекшілік етуіне орай, жылда оқу орнымызға айтарлықтай көлемде талапкерлер түседі. Осыған байланысты университет жаңа ғимаратты жалға алып отыр.
Ал, оның алдыңда сегіз кафедра орналасқан Мәуленов пен Қабанбай батыр көшелерінде, сондай-ақ Қазпошта ғимаратында қазіргі таңда жалға алынып келе жатқан ғимараттарға ҚазҰМУ-дың студенттері мен қызметкерлері көшетін болады. Атап айтқанда, келесі кафедралар:
- Қазақ тілі
- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
- Медициналық құқық
- Менеджмент
- Шетел тілі
- Латын тілі
Атап өтетін жайт, химия кафедрасы ғимараттың жертөлесінде оқу жүргізіп келеді, ол жердегі жағдай оқу жүйесі талаптарына сейкес келмейді. Сондықтан, босатылған оқу корпусына химия кафедрасы да көшетін болады.
Бұл оқу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Енді студенттерге бейімделмеген орындарда оқудың қажеті жоқ.
Аталмыш жұмыс университетімізде былтырдан бері жүргізіліп келе жатыр.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі