«Сөзсіз, ИӘ» – ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы басқа планеталарда өмір сүру мүмкін бе деген сұраққа жауап берді
Ғарышкер, «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы, Халық қаһарманы Айымбетов Айдын Ақанұлы ҚазҰМУ оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Екі сағат аралығында әйгілі ғарышкер болашақ дәрігерлердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Ғарышкерден студенттердің бірі басқа планеталарда өмір сүру мүмкін бе деп сұрады. А.Айымбетов оң жауап беріп, өз көзқарасын ортаға салды.
«Сөзсіз, иә, біріншіден, жердің халқының саны өсіп келеді және ол әрі қарай өседі. Екіншіден, әрқайсымыз белгілі бір көлемде ресурстарды тұтынамыз. Жақын болашақта яғни органикалық отын өнімдері, мұнай, газ таусылады деп айтылып жатыр. Сондықтан адамзатты әрі қарай сақтаудың шарттарының бірі – даму нүктелерінің болуы. Тарихты динозаврлармен, метеоритпен немесе тарихтың бағытын толығымен өзгерте алатын басқа індетпен еске алыңыз. Тіпті тарихшылар Жер – адамзаттың бесігі және ерте ме, кеш пе ол шығуы керек деп айтқан», – деді Айдын Айымбетов.
«Айымбетов Айдын Ақанұлына ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық мектебінің құрметті профессоры атағы берілді. Университет ректоры Нұрғожин Талғат Сейітжанұлы бұл атақты алғаш рет медициналық емес мамандықтың өкілі алғанын атап өтті. Ғарышкер өзін аздап дәрігер деп санайтынын жасырмады.
«Қазіргі таңда ғарыш кемесіне үш адам сыяды, егер бір жағдай орын алса, ол жерге жедел жәрдем шақыра алмайсың. Ғарышкер аз дегенде алғашқы медициналық көмекті білуі және көрсетуі қажет, сонымен қатар жеңіл ота жасай алуы қажет. Мен өзім қаннан қорықпаймын, бірақ маған ота жасауды үйреткенде бойымда қатты толғаныс болды. Әсіресе, мен өзім кішкентай қызымның тісін жұлған кезде, ол 5 жаста еді. Сондықтан сіздердің мұндай еңбектеріңіз өте ауыр, сіздерге қажырлы жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деп атап өтті А.Айымбетов.