Табандылық науқасты құтқаруға қалай көмектесті, көрнекті нейрохирург Ермек Дүйсембеков айтып берді
ҚазҰМУ студенттерінің еліміздің көрнекті дәрігерлерімен мотивациялық кездесулері бұл кез келген маманның жеке табысқа жету тарихымен танысу ғана емес, сонымен қатар дәрігердің маңызды қасиеттері туралы білуге жақсы себеп болған.
Жетекші маманның болашақ дәрігерлермен ашық әңгімесін еске салатын кездесуде ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Ермек Дүйсембеков дәрігер білім алуда, жұмыс барысында да табанды болуы қажет деп атап өтті. Нейрохирург өз тәжірибесінде науқастың өмірін сақтап қалған ең толқытар жағдайлардың бірін есіне алды.
«Бізде үлкен ісігі бар 15 жасар қыз болды. Ол өзі арық болатын. Ісікті алып жаттық, ол көп қан жоғалтты, бірде анестезиолог қысым 40/20 дейін төмендеді, аяқтайық деді. Мен ісікті алып, жараны тіктім, оны құтқару мүмкін емес еді, біз оны өліп қалды деп ойладық. Оны реанимацияға апардық», – деп бастады Е. Дүйсембеков.
Науқасты операциядан кейінгі реанимация бөліміне әкелгеннен кейін, анестезиолог ол қызды ауыр жағдайдан шығаруға тырысты және оның қолынан келді.
«Біздің анестезиолог Аида Қанатқызы, міне нағыз табанды жан. Сол үшін мен жұмыста табанды болу қажет деп отырмын. Ол осы қызға бар күш-жігерін арнады. Өтіп бара жатқан бөлім меңгерушісінің қан тобы қыздың қан тобымен бір екенін білетін. Сол жерде ол қанды тікелей құю жасайды. Жұмыс күнінен кейін, оның үйге қайтуға шамасы болмады, өйткені көп қан алынды. Бірақ қыз аман қалды. Бұл таңқаларлық жағдай болды, келесі күні таңертең қыз есін жиып, күлімсіреп жатты. Бірақ оны мен құтқарған жоқпын, анестезиолог құтқарды, ол бас тартқан жоқ, өйткені дәл сондай табанды мінезді ешқашан берілмейтін жан еді» – деп еске алды нейрохирург.
Ермек Дүйсембековтың пікірінше, дәрігердің тағы бір маңызды қасиеті -жауапкершілік сезімі.
«Ота жасауды маймылға үйретуге болады, бірақ бұл операция қалай аяқталатынын, адамға қажет пе, жоқ па деп ойлауымыз қажет. Нейрохирургия осымен ерекшеленеді. Біздің операцияларымыз өмір сапасына қатты әсер етеді. Ең бірінші қасиет – жауапкершілік сезімі болуы қажет, ол бәріне қатысты. Егер адамның жауапкершілігі мол болса, ол науқас үшін алаңдайды, уайымдайды. Меніңше, бұл туа біткен сезім», – деп атап өтті Қазақстанның үздік нейрохирургтарының бірі.