Талғар ауданы, «Жаңалық» ауылында саяси қуғын-сүргінқұрбандарын еске алу іс шарасы өтті
2017 жылғы мамыр айының 31 күні Талғар ауданы, «Жаңалық» ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішінде құрбандарды еске алу іс-шарасы Этикалық кеңестің қолдауымен және Студенттермен жұмыс жөніндегі басқармасы және Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысы ескерткіштің алдында көптеген қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп Аудандық әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Келесі кезекте ескерткіштің жанында С.Ж. Асфендияров университетінің ұжымы жиналып өзінің жоспарланған іс шарасымен Ректор кеңесшісі Ж.Ғ. Мустафинаға студенттерге бұл күннің қаншалықты маңызды екендігін айтып өзінің қолындағы тарихи деректі қол жазбаларын оқып, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Р.М.Сарсенбаев жас ұрпаққа саяси қуғын-сүргін құрбандарының ерліктері мен естеліктері туралы ақпараттармен толықтырса, студенттердің: Дүйсенғалиева Асель. С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік», Жақсылықов Нұрмақан. М. Жұмабаев «Жастарға», Аман Айсана. М. Жұмабаев «Свет красив» Айдарова Аида. Естеу Нүсіпбеков «Қуғын сүргін құрбандары кесенесінде» атты өлеңдері студент жастарға ой салды.
Сонымен қатар, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма жетекші маманы И.Сеитова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Г.Мәлік, Д.Несипкалиев және С.Тұрғанбеков – Алаш Ордалықтардың елімізге деген еңбегінің үлкен екендігін айта кетіп оны насихаттауды біз ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруымыз керектігін жеткізді.
Іс-шара «Жаңалық» мемориалдық комплексінде ас беру шарасымен аяқталды.