«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тілі бірдің – тілегі бір» атты іс-шара өтеді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің өзгетілді студенттері арасында «Тілі бірдің – тілегі бір» атты іс-шара өтеді.
Кештің басты міндеті – шетелдік студенттер арасында Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі – қазақ тілін насихаттау, олардың мемлекеттік тілді игеруге деген құлшыныстарын ояту.
Қазақ тілін меңгеру арқылы олар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт- дәстүрі туралы мағлұмат алады. «Тілге – құрмет, елге – құрмет» дейді қазақ халқы. Біздің елімізде оқып жатқан шетелдік студенттердің бұл іс-шараға қатысуы олардың қазақ тіліне деген құрметтерін білдіреді.
Шетелдік студенттер әр түрлі викториналық және грамматикалық сұрақтарға жауап береді, қазақ халқының салт-дәстүріпен байланысты сөздерді қандай деңгейде білетіндіктерін көрсетеді.
Іс-шара С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың мұражайында өтеді. Басталуы сағат 1500-де.
Келем деушілерге есік ашық!