Түркия Мемлекетіндегі сапардан әсер!
Түркия Мемлекетіндегі сапардан әсер!
Біз 4 курс, жалпы медицина факультетінің студенттері, Султанбаева Жансая, Жульфаева Наиля, Игембаева Кундыз, Сейдлазым Меруерт, 2014 жылының 10 қыркүйектен 30 желтоқсан аралығында Түркияның Эрзинджан қаласының Erzincan Universitesi-де білім алдық.
Гинекология және ішкі аурулар секілді клиникалық тәрбиелерді басқа елде үйреніп тәжірибе жүзінде көруге, үйренуге мүмкіншілік болды. Эрзинджан Университетінің оқытушыларының қонақ жайлылығымен күтіп алуларына байланысты көптеген дағдыларды іс жүзінде көруге, үйренуге және тәжірибе жүзінде сезініп қатысуға мүмкіншілік болды. Түркия мемлекетінде болған 4 ай ішінде университет және клиникалық базалар ұжымдарының жұмысынан өте жақсы әсерде қалдық. Жылы және шырайлы ортада білім алу біз үшін тек қуаныш болды. Әр сейсенбі күндері университет ректоры Ilyas Capoglu-мен терапия бөлімшесінде науқастардытексеру жүргізілетін және бұл іс-шараға бас дәрігерден бастап стажер мейірбикеге дейін қатысатын. Ал әр бейсенбі күндері аурухана дәрігерлер жиналып аптада болған қызықты және диагнозы күмәнді жағдайларды қарастырып талқылайтын. Және тәлімгерлерімізбен бірге операцияларда көмектесуге, емханаларда науқас қабылдау секілді қызықты жағдайлар көруге мүмкіндік болды. Ал демалыс күндері біздің координаторларымыз қаланың көрікті жерлерін көрсетіп қана қоймай, басқа қалаларында көруімізге мүмкіндік берді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтқанда біз қонақжайлылығымен және мейірімділіктерінен разы қалдық. Және де қазақстандық студенттер жайлы тек жақсы да жағымды пікір қалдырдық, Эрзинджан университетінің есіктері түрік тілін білетін біздің Alma Mater студенттері үшін әрқашан ашық. Әрине осындай мүмкіншілік бергендері үшін ректорымыз Ақанов Ақан Ақанұлына, деканат ұжымы жәнеуниверситет администрациясына алғысымызды білдіріп, біздерге сенгендеріңіз үшін, көмектеріңіз үшін рахмет айтамыз. Іске сәттілік асфендияровшылар!