«Тұғыры биік тәуелсіздік»
Жақында патофизиология кафедрасында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік тәуелсіздік» деп аталатын мерекелік шара өткізілді.
Шараның мақсаты студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ояту, еліне деген құрметті қалыптастыру, Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері жөнінде таныстыру болды.
Мерекелік шараға патанатомия, фармакология кафедрасының оқытушылары мен тәрбие-іс жұмысы жөніндегі жалпы медицина мектебінің мамандары шақырылды.
Осы шараға 3 курс жалпы медицина, педиатрия және халықаралық факультет студенттері өз өнерлерін ортаға салды.
Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра демекші, мерекелік кеш қазақтың күмбірлеген көне домбырасымен ашылды.
Жалпы медицина факультетінің 19-3-1 топ студенттері Қамбарбай Зарина, Төленді Жансая, Мамахан Айдана мен 19-5-1 студенті Бегали Жанэра 1986 жылдың желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін оқыды.
Үнді билерін билеген Халықаралық факультет студенттеріне көрермендер жалынды шапалақ пен мақтау сөздері арқылы ризашылықтарын білдірді.
Педиатрия мектебінің 19-4-1 студенті Қаблан Ақерке «Қазақстаным алға» әнін тамылжыта орындап берді.
Жалпы медицина факультетінің 19-12-1 студенті Қыдырбай Назерке «Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, сәтті реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері жөнінде презентация көрсетті.
Шара соңында патофизиология кафедрасының доценті Жоламанов Мейрам Есович студенттерге ризашылығын білдіре отырып, тарихтың ойлы – қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы айта келе, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп өз сөзін аяқтады.