Тәлімгер мен жетекшілер кеңесінің кезекті отырысында өткізілген семинар жайында ақпарат
2017 жылдың 03 мамыр күні студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің (СӘҚҚКБ) ұйымдастыруымен тәлімгер мен жетекшілер кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес стоматология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Жексембиева бастаған факультет аға тәлімгерлері мен жетекшілері Алмабаева Н., Омарбаева А., Талимов К., Оңайбекова Н.«Қазіргі замануи тәлімгерлерге суреттеме» тақырыбында семинар дайындап өткізді.
Стоматология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Жексембиева факультет бойынша ең белсенді тәлімгерлер 1 курс бойынша академиялық топтардың тәлімгерлері болғанына тоқтала отырып, олардың алдындағы маңызды жауапты жұмыстары, тәлімгерлердің студенттер үшін тәрбиеші, дос, психолог, көмекші т.б қасиеттері туралы, жатақхана, пәтер, туыстары және ата-аналарымен бірге тұратын студенттердің қандай болатыны жайында баяндады.
Аға тәлімгер Н. Алмабаева тәлімгерлердің типтеріне тоқталды: ақпарат таратушы, ұйымдастырушы, психотерапевт, ата-ана, серіктес, әкімшілік және 2 курс студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша студенттертәлімгер мен жетекшілердің барлық курста жетекшілік еткенін қалайтынына көз жеткіздік.
СТ13-001 тобының жетекшісі К. Талимов өткен екі оқу жылы бойы топ студенттерімен жүргізген іс-шараларына қысқаша шолу жасап, ой бөлісті.
Семинар соңында тәлімгер мен жетекшілері жайында студенттермен жүргізілген сұхбаттың бейнежазбасы көрсетілді, онда білім алушылар ашық түрде өз ойларымен бөліскен.
Семинар шығармашылық ізденімпаздықпен және зор жауапкершілікпен дайындалған түрде зор табыспен өтті.
«Салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру» тақырыбына сөз алған Х. Досмұхамедов атындағы ҚДСМПМІМ факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Уважанова денсаулық жайында және мамандардың бағалауынша адам денсаулығының 50-55% оның салауатты өмір сүруіне, 20 % қоршаған ортаға, 18-20% генетикаға, ал тек 8-10% денсаулық сақтауға байланысты болатыныны, салауатты өмір салтын сақтауды дағдыландыруда туындайтын мәселелер туралы тұжырымды ойларға тоқталды.
СӘҚҚКБ бас маманы Р. Жармағанбет Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау барысында, оның мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын айтып өтті.
«Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының оқытушысы Ғ. МәлікЕлбасының мақаласында нақты жобалар ретінде, біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру, үшіншіден, «Туған жер» бағдарламасын қолға алып, оның ауқымын «Туған елге» ұластыру, төртіншіден, жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын саналарға сіңіру үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау, бесіншіден, мәдениеттің бәсекелестік қабілетін қалыптастыру үшін «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру, 100 жаңа есім жобасы және өзге де мәселелерді кең көлемде талқылап, белсенді түрде түсіндіріп берді.
Cтуденттермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Р. Сарсембаев Елбасының бағдарламалық мақаласы дер кезінде жарияланған, маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі зор, болашағымызды өте кең түрде ойластырған мәдени мұра екенін атап өтті.
Отырыс барысында басқа да қатысушылар мақала бойынша өз ойларымен бөлісіп, кең көлемде талқылап, өз қолдауларын білдірді және барлық студенттік орта тәлімгерлерінің көмегімен бағдарламалық мақаланы талқылауы тиіс деген қорытындыға келді.
СӘҚҚКБ жетекші маманы А. Итенова студенттердің жатақханаға орналасуының 1 кезеңі бойынша мәліметтермен таныстырып, жатақханаға орын бөлу жөніндегі комиссия 10-26 мамыр аралығында жұмыс жасайтынын айтты.
Отырыс, ұйымдасқан түрде қатысушылардың қызығушыларын арттыра отырып, олардың өзара белсенді пікір алмасуы арқылы жүргізілді.
Студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімі