Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Терещенко Сергей Александровичтың ҚазҰМУ оқытушылары және студенттермен кездесуі өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Терещенко Сергей Александровичпен кездесу өтті.
Терещенко Сергей Александрович – шын мәнінде мемлекеттік дәрежеде аты аңызға айналған тұлға. Экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер, білімі мол мемлекет қайраткері. Институтты аяқтаған соң бірден Түлкібас ауданындағы (қазіргі Түркістан облысы) колхозға жұмысқа барып, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Жас әрі талантты партия мүшесін еліміздің бірінші басшылары Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаев бірден байқайды. Сондықтан, бірнеше жылдан кейін С.Терещенко ҚазКСР, содан кейін Тәуелсіз Қазақстанда Үкіметінде қызмет атқарды.
«Бүгін Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз, бұл сізбен көптен күткен кездесу. 2019 жылы келісіп едік, қазір бүкіл зал толы. Құрметті студенттер, Сергей Терещенко Александрович Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі, Елбасының серіктесі болды, Сіз, Сергей Александрович, тәуелсіз Қазақстанды құрдыңыз», – деп ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин жиналғандарға алғы сөзін жолдады.
ҚазҰМУ студенттері және оқытушыларымен кездесуге Терещенко Сергей Александрович онлайн режимде қатысып, бірден өзінің өмірі мен мансабының басталуы туралы тағылымды әңгімеден бастады.
«Өмір солай болды, маған өмірде тек жақсы адамдар жолығады, қазірде солай. Мен Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, колхозға жұмысқа бардым. Бірден маған 21 жасымда бас инженер лауазымын ұсынды. Мен өкінбедім. Ол уақытта кім колхозда жұмыс істесе, сол министр болып жұмыс істей алады дейтін. Ал мен премьер-министр болып жұмыс істедім», — деп бөлісті Сергей Терещенко.
Еліміздің тұңғыш премьер-министрі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік қызметте жұмыс істеу өте қиын болғанын атап өтті. Бірақ, барлық қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан экономикасы, өндірісі табысты ел болып, әлемнің ең табысты елдерінің рейтингіне ене алды.
«Бізге өте қиын болды, өйткені Кеңес Одағы ыдырап кетті, шын мәнінде Қазақстан одақтан шықпаған жалғыз ел, біз ол жерде жалғыз қалдық. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік жарияланды. Содан бері Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасты, бізді таниды, құрметтейді. Біз көптеген өзгерістерді, 4 дағдарысты бастан өткердік. Ең қиыны, бәлкім, өткен жылдың наурызынан бері жалғасып келе жатқан дағдарыс шығар. Пандемия жағдайында өмір сүруді үйрену оңай емес. Онлайн оқу, менің ойымша, сіздердің мамандықтарыңызды меңгеру бұл өте қиын. Бірақ біз оған да үйрендік және оны да жеңдік, — деп атап өтті Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі.
ҚазҰМУ студенттері Сергей Терещенкодан қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктің негізін кім қалағанын және кітапты қазақ тілінде қалай жазғаны туралы сұрады.
«Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктің негізін менің атам – Терещенко Иван Ефимович қалады. Ол Қазақстанға 1921 жылы аштықтан қашып келген. Ауылға қазақ Мырзахметовтер отбасына келді. Бір бөлмені отбасының өзі алды, екінші бөлмені атама берді. Содан кейін ол диірменге жұмысқа кірісті. Осылай біз ауылдың шетінде қазақтармен бірге тату-тәтті тұрдық. Атам қазақ тілін өте тез меңгерген. Менің әкем де осында дүниеге келген, 17 жасында майданға аттанды, Жапониямен соғысып, содан кейін осында оралды. Мен дүниеге келдім, мені атам тәрбиеледі, қазақ тілін үйретті. Менің ауызшы қазақ тілім бар, әдеби тілді аса білмеймін. Бұл кітапты біз көмекшілермен бірге жасадық, және ол өте сәтті шықты», — деп жауап берді Сергей Терещенко.
Студенттер аты аңызға айналған мемлекет қайраткерінен тәрбиенің маңызды сәттері туралы сұрады.
«Анам қаталдау тәрбиелейтін, бірақ әкем ешқашан бізге қолын көтерген емес. Оның 100 қазақ кіндік баласы болған, кейін ол тіпті қартайған шағында да өзінің сол кіндік балаларының үйлену тойларына баратын. Олардың барлығын танитын. Көбісі бұған таң қалатын», – деп еске алды Сергей Терещенко.
Кездесу соңында Сергей Терещенко Александрович болашақ дәрігерлерге сәттілік, жақсы оқуды тіледі, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды келе жатқан мерекелермен Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы күнімен құттықтады.