Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі»
2018 жылдың 15 наурыз күні СЖ. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының оқырман залында, «ҚАЗақпарат» баспасынан 2017 жылы жарық көрген Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өткізілді. Тарихи публицистика жанрында жазылған бұл кітапта еліміздің жаңа тарихы мен оның болашағына деген авторлық көзқарастар көрініс табады, егеменді мемлекет болып негізі қаланғаннан сәттен бергі мемлекет құру кезеңдерін сонымен қатар егеменді Қазақстанды өркендету құрылысы кезінде ішкі және сыртқы қатерлерге жауап ретінде батыл шешім қабылдау механизмін сипаттайды.
Дөңгелек үстел іс-шарасына ректордың Кеңесшісі, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің төрайымы, профессор Мұстафина Ж.Г., осы іс-шараның жауапты жүргізушісі, Ғылыми кітапхана басшысы Асанова А.Б., және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында кітаптың кейбір бөлімдері қарастырылып, өзара талқыланды. Осы тақырыптар аясында арнайы кітап көрмесі қойылып, дөңгелек үстелдің Протоколы жазылды.
Бағдарлама талабына сәйкес, дөңгелек үстелді Ғылыми кітапхана басшысы Асанова Ақмарал Бекқызының өзінің сөз сөйлеуімен ашып, келген қонақтар мен жиналғандарды дөңгелек үстелдің бағдарламасымен таныстырып, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жас мамандарымыздың алдында тұрған басты міндеттер екенін айтып, аса назар тоқтатты.
Одан кейінгі сөз кезегі профессор Ж.Ғ. Мұстафинаға берілді, ол кісі өз сөзінде Алаш Ордадан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның қалыптасу тарихын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ бағдарлама бойынша басшы орынбасары Г.А. Жамбулатова «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының IV бөлімінің «Новое качество человеческого капитала образование, наука, культура, спорта» 8 тарауына баяндама мен презентациясын ұсынды.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Абылкасымова Ақерке Құбашқызы 6 тараудың: «Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыбына баяндамасы мен презентациясын ұсынды.
Анықтамалық және библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллақызы кітаптың І бөлімінің 5 тарауының «Ұлттық мәдениет пен өнердің қайта түлеуі» атты баяндамасы мен презентациясын ұсынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара соңы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына эпиграф болған мынадай түйінді сөздерінмен аяқталды, «Менің бұл еңбегім болашаққа сеніммен қарайтын, қазақстандық азамат екенін мақтан тұта білетін, қиын-қыстау заманда маған әрдайым қолдау бола білген қадірлі халқыма арналады».