Бүгін белгілі ғалым, медицина саласының абызы атанған Төрегелді Шарманов 90 жасқа толды. Академиктің мерейлі жасына орай Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Сovid 19-бен күрестегі алғашқы медициналық көмектің рөлі» атты халықаралық конференция басталды. Шараға денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.
Сонымен қатар, университет қабырғасында орналасқан даңқ залына академиктің есімі берілді. Айта кетейік, екі күндік онлайн конференцияға шетелдік сарапшылар да қатысып, алғашқы медициналық көмектің маңызы туралы пікір алмаспақ. Сондай-ақ, Төрегелді Шармановтың бастамасымен қабылданған Алматы деклорациясының шетел медицинасына тигізген әсері сөз болады.
Толығырақ: https://qazaqstan.tv/news/132535/