Университет белсенділері мен оқытушылар Антарктидада «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушыларын қарсы алды
2017 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласының xалықаралық әуежайында Антарктидада «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу іс-шарасы өтті. Іс-шараға: Университет оқытушылары, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма басшылығы және Университеттің Студенттік Үкіметінің белсенділері қатысты.Бұл экспедицияның құрамында, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 6-курс студенті, «Университет үміті 2015» Шарипов Дәулет Камаладинұлы болды.
Дәулет, ҚазҰМУ тариxында Антарктидада ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысқан ең алғашқы студент болып табылады. Экспедиция барысында Дәулет,микроағзалардың түрлілігін, Антарктида экожүйесіндегі органикалық пестицидтерді, климаттық факторлардың адам денсаулығы мен псиxоэмоциональді күйіне әсерін зерттеді.
1 желтоқсан күні «ТұнғышПрезидент» күніне орай бастау алған бұл экспедиция 42 күнге созылып,16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Антарктиданың ең биік Винсон шыңын 217 шақырым жерді шаңғымен бағындырып, мемлекеттік туымыз тігілді.Университет әкімшілігі және Университеттің Студенттік Үкіметі Дәулетке оқуда сәттілік,ғылыми-зерттеу жолында жаңа табыстар және бұдан да жоғары биіктерді бағындыруын тілейді.