Университеттің барлық қызметкерлерінің назарына (мәлімет үшін)!
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №20 өкімімен бекітілген «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларының» 6-тармағына сәйкес Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын (бұдан әрі – ҰААТ) іріктеу туралы жарияланғанын хабарлаймыз.
ҰААТ – бас бостандығынан айыру орындарында, полиция учаскелерінде, наркологиялық диспансерлерде, жетім балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарында, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған және т.б. арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында адам құқықтарының бұзылу фактілерін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылау түрі.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктеп алатын қоғамдық байқау комиссияларының және азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер қатысушылар болып табылады.
Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап (26.10.2022ж.) күнтізбелік отыз күн ішінде пошта немесе электрондық пошта арқылы және қолма-қол қабылданады.
Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы интернет ресурстарынан алуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/446743?lang=ru