Университеттің Студенттік Үкіметінің жаңа оқу жылындағы алғашқы жиналысы
2018 жылдың 7 қыркүйек күні кіші-конференц залында Университеттің Студенттік Үкіметінің 2018-2019 оқу жылындағы алғашқы жиналысы болып өтті. Бұл жиналысқа, университеттің студенттік ұйымдарының төрағалары мен орынбасарлары, стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор У.М.Датхаев қатысты. Убайдилла Махамбетұлы белсенді студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі және жастар саясаты басқармасының жаңа басшысы Жолдасбай Нұржан Асқарұлын таныстырып өтті. Жиналыста ары қарай, 2018-2019 оқу жылындағы студенттік ұйымдардың жоспары мен жұмыстары талқыланды. Негізгі талқыланған іс-шара ол 26 қыркүйек күні өтетін Университеттің Студенттік Үкіметінің жаңа төрағасын сайлау жұмыстары талқыланып, студенттер арасында сайлау комиссиясының құрамы бекітілді.