Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасы Әз-Наурыз
Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Ұлыстың ұлы күні Орта Азия халықтарының Жаңа жылы саналады. Наурыз – нақты ғылыми, астрономиялық тұрғыдан алғанда да шынайы жаңа жыл мерекесі болып табылады. Наурыз бірліктің, ынтымақтың мейрамы. Наурыз мерекесіне орай 18 наурыз 2021 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Д.Серіков атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің қатысуымен «Әз-Наурыз» әдеби сазды кеші өткізілді. Наурыз мерекесі университет ұжымдарының кураторлары мен студенттер ұйымдастыруымен zoom платформасында онлайн түрде өткізілді. Мерекелік іс-шарада Наурыз туралы деректер, салт-дәстурлер, Наурыз көжені дайындау рәсімі және құттықтаулар ұсынылды. Үш университет студенттері өз өнерлерімен бөлісті. Шара соңында Біләшов Мәслихат Наурыз барлық қатысушыларды құттықтап, салт-дәстүрге сай бата берді. «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Ниеттерің ақ болсын, Бастарыңа бақ қонсын, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын, Дендеріңіз сау болсын, Биылғы жыл берекелі болсын – Аумин». Наурыз мейрамы сіздерге құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін.
Шараға Жалпы медицина мамандығының 3 курс ЖМ19-013-01 топ студенттері (Салықова Дильназ, Изтай Гафура, Біләшов Маслихат, Бауыржан Үстемгул) және Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының ҚДС19-001 топ студенттері (Ескуатов Куат, Ильясова Рано, Бисенбаев Абылай) қатысып белсенділік танытты. Шараны ұйымдастырушылар лекторлар Бейсенбинова Ж.Б., Темирбаева Л.Ж. және ассистент Толегенова А.С.