Халықаралық Невада-Семей күні
Этикалық кеңес, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Халықаралық антиядролық қозғалысы «Невада-Семей», жалпы гигиена және экология кафедрасы 2018 жылдың 28 ақпан күні, белгілі қоғам қайраткері О.Сүлейменовтің басшылығымен құрылған Халықаралық«Невада-Семей» күніне орай конференция өткізіді.
Конференцияның алғашқы сөзін Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы ашып берді.
Келесі сөз кезегін Этикалық кеңес төрайымы, осы халықаралық антиядролық қозғалыстың бірінші митингісіне қатысқан Ж.Г.Мустафина жалғастырды. Өткізіліп отырған конференцияның мақсаты-ҚазҰМУ-нің студентері Қазақстан халқының ойын, тілегін, мақсатын бір арнаға тоғыстыра білген, қоғам қайраткерлері О.Сүлейменов, М.Әуезов және осы қозғалыстын мүшелері «Ядролық қарусыз әлем» аттты ұстаныммен, атом полигонын жабуға оң әсер бергендігін айтып жеткізді. Сондай-ақ осы Халықаралық антиядролық қозғалыстың шежіре беттерінде С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медик ғалымдары мен түлектері алғашқы болып қатысқандығында ерекше жеткізді.
Конференциямызды ары қарай Халықаралық антиядролық қозғалысы «Невада-Семей» Вице президенті- Зуслин Е.Л жалғастырды. Халықаралық антиядролық қозғалысы «Невада-Семей» ЮНЕСКО деңгейінде шығарылған кітатпың бірінші беттеріне енгізілгендігін айтты.
Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Д.У. Кенесары, нақты аймақ мысалында да, бүкіл ел ауқымында да қоршаған орта жағдайын жақсарту туралы баяндама жасады. Өзінің баяндамасында Кенесары Д.У. көп уақыт пен ресурстардың жойылуын талап ететін, заманауи және сенімді «технологиялық қорғау» тұжырымдамасын қолданатын, бүкіл аумағын санитарлық қорғау аймағын экологиялық апат аймағына айналдырмайтын, қазіргі заманғы гигиеналық технологиялар санына жатпайтын, Қазақстан Республикасында кеңінен қолданылатын «қашықтықтан қорғау» тұжырымдамасынан өтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұжырымдама экономикалық тұрғыда дамыған шет елдерде кеңінен қолданылады және қоршаған ортаның ластануын төмендететін жаңа озық технологияларды енгізуге байланысты нысанның қауіптілік класына қарамастан, осы елдердегі санитарлық қорғау аймағының шекаралары өнеркәсіптік аймақтың шекарасымен толығымен сәйкес келеді.Атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға әкелгендіктен, «Технологияларды қорғау» тұжырымдамасы үнемді болып табылады және сонымен бірге халық үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Қазақстанның өндірістік кешендерінің инновациялық рельстерге тұруы, елді, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп және бізден өмір сүру ортасының сапасына зиянды әсерді реттеудің жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті.
Конференцияны ары қарай кафедра магистры оқытушы Бухарбаева А.Е. жалғастырды. Ғылыми бағытта «Азғыр полигон аймағының тұрғындар денсаулығына гигиеналық бағалау» қалай жүргізілетіндігін баяндады. Өткізілген конференцияға Халықаралық медицина факультетінің студенттері Kavya Udayakumar, Kripa Rajeev –де әлем тәжірибесінде осы антиядролық сынақтар қалай болғандығы туралы ағылшын тілінде айтып берді.
Ал Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің аға жетекшісі ұйымдастыруымен республикалық, университет, факультет деңгейінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізілгенгендігін айттып, конференцияны қорытындылады. Конференцияға қатысушылар 3 курс жалпы медицина, 2 курс стоматология, 3 курс Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері көп ақпаратар алып, ғылыми кітапхананың дайындаған «Ядролық қарусыз әлем» атты көрмесімен танысты.