Халықаралық тұңғыш «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ – 2023» форумы өткеді
2023 жылдың 5-6 маусым күндері Алматы қаласында
1-ші Халықаралық «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ – 2023»
өтетіндігі туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
1-ші Халықаралық «Asfen.Forum,жаңа ұрпақ-2023» (бұдан әрі – Форум) жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру мен денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен ақпарат алмасу үшін академиялық қауымдастықтар, зерттеушілер мен жас ғалымдарды біріктіруге бағытталған.
Бұл Форумның мақсаты халықаралық қауымдастыққа ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тәжірибені ұсыну арқылы денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы шетелдік және отандық серіктестер арасында пікір алмасу және ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Сондай-ақ зерттеушілер мен іскер серіктестер идеяларды жүзеге асыру кезінде кездесетін соңғы озық инновацияларды, жетістіктерді, трендтерді, практикалық мәселелер мен қиындықтарды талқылау.
Форумның негізгі мақсаты – ғылым, тәжірибе және бизнес интеграциясы шеңберінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық мақсатында кәсіби практиктер мен ғалымдар арасында байланыс орнату және бірлескен байланыстар үшін платформа құру.
Форумға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және жоғары ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің шетелдік және отандық серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, алыс және жақын шетел ғалымдары, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, ғылыми қызметкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам, инвесторлар, тәлімгерлер, жас ғалымдар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады деп жоспарлануда.
1-ші Халықаралық «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ – 2023» секциялық отырыстарына қатысу үшін 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтінімді (1- қосымша) және тезисті (2 – қосымша – материалдарды рәсімдеу ережелері) төменде көрсетілген электронды поштаға жіберулерінізді сұраймыз.
Е-mail asfen [email protected].
Форум келесі секцияларда ғылымның әртүрлі салаларының өзекті мәселелерін қарастырады:
- 1 секция: Кардиология
- 2 секция: Онкология
- 3 секция: Гинекология
- 4 секция: Педиатрия
- 5 секция: Хирургия
- 6 секция: Урология
- 7 секция: Қоғамдық денсаулық сақтау
- 8 секция: Биомедицина
- 9 секция: Фармация
- 10 секция: Стоматология
Өткізілу форматы: онлайн, офлайн
Форумға қатысу нысандары мен шарттары : Форумға қатысу келесі рөлдерді қамтиды:
- Баяндамашы жарияланымымен;
- Баяндамашы жарияланымынсыз;
- Тыңдаушы.
Форум тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Байланыстағы тұлға:
Исаева Асия Маратовна – С.Ж. Асфендияров атындағыҚазақ ұлттық медицина университетінің ғылым және жарияланымдар белсенділігі бөлімінің маманы, тел.: +7 (727) 338 7090(7084), е-mail: [email protected]