Халықаралық шала туылған нәрестелер күніне орай акция өткізілді
Биыл – Жастар жылы. Өткен жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Елбасы өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды нықтап тапсырған болатын. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», — деген еді Елбасы. Биыл жастар жылында Педиатрия мектебінің білім алушылары және деканат қызметкерлері, ҚазҰМУ-нің KazMSA ұйымы мен SCOPH тұрақты комитетінің белсенділері бірлесіп, 2019 жылдың қараша айының 17-сі «Халықаралық шала туылған нәрестелер күніне» орай Алматы қаласының Арбат алаңында «Ранние Пташки» атты акциясын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: ерте босану құрбандары болған – әйелдерге, сондай-ақ тікелей олардың балаларына көмек көрсету және қолдау көрсету болды. Болашақ аналарды ерте босану мәселелерімен, олардың салдары мен алдын алу әдістері туралы хабардар етті.