«Цифрландыру және Жасанды интеллект» тақырыбындағы факультетаралық дебаттық турнир өтті
2026 жылдың 04 ақпан күні ҚазҰМУ-дың Т. Шарманов атындағы «Даңқ Залында» мектеп/факультеттер арасында «Цифрландыру және Жасанды интеллект» тақырыбында факультетаралық дебаттық турнир өткізілді. Іс-шара сағат 15:00-де басталып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Турнирге университеттің барлық мектептері мен факультеттерінен командалар қатысып, өзара тартысты пікірталас жүргізді. Қатысушылар заманауи қоғамдағы цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлі, мүмкіндіктері мен сын-қатерлері туралы терең аргументтер ұсынып, шешендік шеберліктерін көрсетті.
Турнирге қатысқан командалар құрамы төмендегідей болды:
- Халықаралық факультет – Фракция «Эталон»: Лидер – Аманбаева Қаракөз, спикер – Музаббарханова Малика.
- Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі – Фракция “Pulse”: Лидер – Әпен Жібек (ҚДС, 3 курс), спикер – Нұрхаим Әмина (ҚДС, 3 курс).
- Фармация мектебі – Фракция «Элита»: Лидер – Мергенбай Сағира (ФӨТ24-019), спикер – Құрбантай Жаналия Бауыржанқызы (Фа24-001).
- Педиатрия мектебі – Фракция «1465»: Лидер – Атабек Жандос (П24-009), спикер – Ғавиденқызы Инабат (П25-001).
- Стоматология мектебі – Фракция «ala727»: Лидер – Нұрасыл Дінасыл (Ст25-012к), спикер – Мейрамбек Аружан (Ст25-008к).
- Жалпы медицина-1 мектебі – Фракция “Гиппократ”: Лидер – Рахманов Мақсат (Мед25-034), спикер – Жұмағүл Аяжан (Мед25-017).
- Жалпы медицина-2 мектебі – Фракция “Adrenaline”: Лидер – Әсентай Маруа Ерұланқызы, спикер – Бектеміс Серік Болатбекұлы (ЖМ21-014).
Турнирдің алғашқы ойынын Жалпы медицина-1 мектебінің «Гиппократ» командасы мен Жалпы медицина-2 мектебінің «Adrenaline» командасы бастап, нәтижесінде «Гиппократ» командасы келесі кезеңге жолдама алды.
Финалдық кезеңге жеребе тастау арқылы командалар төмендегідей жұптастырылды:
- Фармация мектебінің «Элита» командасы – Стоматология мектебінің «ala727» командасы;
- Халықаралық факультеттің «Эталон» командасы – Жалпы медицина-1 мектебінің «Гиппократ» командасы;
- Педиатрия мектебінің «1465» командасы – Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің “Pulse” командасы.
Тартысты финал нәтижесінде үздік үштікке шыққан командалар анықталды. Аргументация сапасы, логикалық құрылым, дәлелдердің нақтылығы, командалық жұмыс, сөйлеу мәдениеті және тақырыпты ашу деңгейі бойынша жоғары ұпай жинаған:
- І орын – Педиатрия мектебінен Фракция «1465»;
- ІІ орын – Халықаралық факультеттен Фракция «Эталон»;
- ІІІ орын – Фармация мектебінен Фракция «Элита» командалары иеленді.
Аталған дебаттық турнир студенттердің сыни ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге, заманауи технологиялық тақырыптарды терең талдауға мүмкіндік берді.



















