ШЕКАРАСЫЗ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ: ҒАЛЫМДАР МЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ
2025 жылдың 10 желтоқсанында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Технопаркінде университеттің ғылыми жобалар менеджерлерінің әлеуетті инвесторлармен кездесуі өтті. Кездесуді Коммерцияландыру орталығының мамандары А.Б. Айдаралиева мен Ж.Е. Дилманов ұйымдастырды. Кездесуге инвесторлар Э.Цой (Anadel компаниясы) және Б.Бегасилов (B&G) шақырылды. Зерттеу жобаларының жетекшілері PhD, профессор М.Ж.Кизатова, PhD, профессор А.К.Бошкаева, PhD, профессор Д.А.Мырзакожа, м.ғ.д,, профессор А.Т.Мусаев, ф.ғ.д., профессор Г.М.Саякова және PhD, профессор Л.Н.Ибрагимова өздерінің жобаларынды ұсынып, олардың коммерцияландыру әлеуетін, нарыққа шығу перспективаларын және жобалардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын көрсетті. Бірқатар жобалар ұсынылды, соның ішінде: «Қант диабеті денсаулық сақтауды қолдау үшін инновациялық нутрицевтикалық өнімді коммерцияландыру», «Шыңғысханның шырыны», «Созылмалы вирустық гепатиттің алдын алу шарасы ретінде бие сүтін коммерцияландыру» және басқалары.
Қатысушылар әртүрлі қаржыландыру және бірлесіп енгізу модельдерін талқылады, ал инвесторлар ең перспективалы бастамаларды қаржыландыруды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу нәтижесінде жобаларды коммерцияландыру бойынша 2026-2028 жылдарға арналған гранттық байқау аясында одан әрі ынтымақтастық салалары анықталды.
Бұл іс-шараның нәтижелері ғылыми идеялардың нақты коммерциялық шешімдерге қалай айналатынын және ғылыми және бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтынын айқын көрсетті.












