«Шипагерлік баян» Қазақ медицинасының теориялық негіздері атты ғылыми конференция офлайн және онлайн форматта өтті
Фармация мектебінің ұйымдастыруымен 15.04.2022 жылдың С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Даңқ залында» сағат 10:00 – 13:00 аралығында «Шипагерлік баян» Қазақ медицинасының теориялық негіздері атты ғылыми конференция офлайн және онлайн форматта өтті.
«Шипагерлік Баян» – тек Қазақ медицинасының ғана емес Қазақтың тұңғыш жазба әдебиетінің куәсі десек артық айтпаған болармыз.
Бүгінгі конференцияға арысы сонау Жапониядан, Ұлыбританиядан берісі Астана, Шымкент, Алматы қалаларынан медицина ғалымдары мен тіл ғалымдары, Шипагерлік Баян зерттеушілер қатысып, Шипагерлік Баянның қыры мен сыры туралы Ғылыми баяндаиалар жасады. Конференция соңында Шипагерлік Баян зерттеуші Шаяхмет Кали ағамыздың дайындаған 2 кітаптің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты.
Әлемдегі әр ұлттың қалыптасу барысында оның тілі, дәстүрі қалыптасса, сол сияқты оның ғылымы да медицинасы да адам өмірімен бірге қалыптасып, үздіксіз дамып отырады, яғни адам бар жерде ауру-сырқау, өлім-жітім болатыны сөзсіз болса, ал оны емдейтін емші дәрігерлері де сөссіз болды және бола береді.
Шипагерлік Баян- ұшан теңіз ғылым, мұнда тек Қазақтың XV ғасырдағы медицинасы ғана емес Астрономия, Физика, Химия, Философия, Тіл ғылым, тарихы қатарлы ғылымдардан да мол мағлұмат береді. Әсіресе Тарих туралы, Қазақтың байырғы тілдік қорын сақтап көптеген атауларды қайта жаңғыртады. Өкінішке орай, біздің шала сауат тарихшыларымыз Қазақ тарихын 1465 жылдан басталады деп көкіп жүргенде, Өтейбойдақ бабамыз «Шипагерлік Баян» кітабы арқылы Қазақ тарихын адан ары мың жылдықтарға апарады.