Ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы ғарышқа ұшқаннан кейін дүниетанымы қалай өзгергенін айтып берді
Ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы ҚазҰМУ студенттері және оқытушыларымен кездесуі барысында Халықаралық ғарыш станциясына әйгілі ұшуынан кейін оның дүниетанымы қалай өзгергенін айтып берді. Ғарышта Айымбетов Айдын әдеттерін өзгертуге, қайтадан ұйықтауға үйренуге мәжбүр болды. Орбитадан ол өрттерді, аралдағы экологияның нашар жағдайын көрген.
«Біз қазір Каспий, Арал, Балқашты бақылап отырмыз. Біз ғарыштан мониторинг жүргіземіз. Өзендерді қадағалаймыз. Сырдария таязданды. Немесе өзен судың дұрыс мөлшерін бермейді. Су ресурстарының мәселесі өткір болып тұр. Су – стратегиялық өнім. Бізге келетін үлкен өзендер бізден бастау алмайды – басқа елдерде. Трансшекаралық өзендер туралы мәселе туындаған кезде біз ғарыштан түсірдік, Қазақстанға кіргенге дейін бұл өзендер су қоршаулармен жабылып, су аз түсетіні анық болды. Балқаш таяз болады, Арал, біздің басқа өзендеріміз таяз болады. Ауыл шаруашылығымен байланысты проблемалар болады, азық – түлік бағасы өседі», – деді Айдын Айымбетов.
Ол жер бүкіл адамзат үшін ортақ үй екенін атап өтті.
«Ғарышта сіз өзіңіздің жер бетінде табиғат иесімін деген жаңсақ ойыңызды түсінесіз. Сіз табиғаттың бір бөлшегісіз. Біз экожүйемен симбиозда болуымыз керек. Біз болмасақ – ол аман қалады. Жүйе болмаса – біз өмір сүрмейміз. Біздің әрқайсымыз – жалпының бөлшегіміз. Біздің ешқайсымыз ерекшеленбейміз. Бір бүтіннің – бір бөлігі. Бір үлкен отбасының туыстары сияқтымыз, мен осыны түсіндім. Мен отбасымды, достықты көбірек бағалай бастадым. Бір кездері мен миллионер болғым келген, бірақ қазір мен үшін ең бастысы — жеке қарым – қатынас, бұл маңыздырақ», – деп бөлісті ол.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/ғарышкер-айымбетов-айдын-ақанұлы-ғар/