«Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы»
Құрметті әріптестер!
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Студенттік Ғылыми Қоғамы» С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85-жылдық мерейтойына арналған 2015 жылы сәуір айының 23-24 жұлдызында өтетін «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты –жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, ғылыми көзқарасы мен әртүрлі ғылыми бағыттардағы байланыстарды кеңейту, өзекті мәселелермен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.
Конференцияға қатысуға студенттер, интерндер, резиденттер, ординаторлар, аспиранттар, жас ғалымдар (35 жасқа дейінгі) шақырылады.
Конференция аясында Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің(оқушылар, колледж, институт, университет студенттері) отырысы өтеді.
Конференцияның жұмыс жүргізу тілдері: қазақ, орыс,ағылшын.
Конференцияға қатысу формасы:
- Ауызша баяндама және тезистерін жариялау
- Стенд түріндегі баяндама және тезистерін жариялау
- Тек тезистері жариялау
Конференцияныңнегізгіғылымибағыттары:
- Ішкі аурулар
- Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология
- Педиатрияжәне неонатология
- Фармацияжәне фармакология
- Стоматология
- Акушерство және гинекология
- Неврология, психиатрияжәне наркология
- Гигиенажәне экология
- Морфологиялық пәндер
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Мейірбикелік істегі зерттеулер
- Сәулелік диагностика және терапия, онкология
- Іргелі пәндер
- Иммунология, инфекциялық патология, эпидемиология
Конференцияға дайындық барысында, келіп түскен қатысушылырдың өтініштерінің санына ескере отырып, жоспарланған секцияларға түзетілулер еңгізілуі мүмкін.
Конференция ұйымдастырушылары келіп түскен аяқталған және өзі орындаған ауызша баяндама немесе тезис түріндегі ғылыми-зертеу жұмыстардың іріктеп алады. Әдебиетке шолулар қарастырылмайды.Ауызша баяндама ұзақтығы 5 минут.
Постерлі баяндама рәсімдеу талаптары №3 қосымшада көрсетілген. Постерлі баяндаманыдайындау автор есебінен жүргізіледі.
Ғылыми жұмыстардың тезистері студенттік«International Student’s Journal of Medicine»журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады. Журналдың электронды түрі университеттің арнайы сайттарында www.kaznmu.kz немесе журналдың арнайы сайтында isjm.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ арнайы сайтында nirs.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ Вконтакте vk.com/snokaznmu қауымдастығы парақшасында жарияланады.
Конференцияға қатысу үшін:
- Конференцияға қатысу өтінішін толтыру қажет (Қосымшалар №1, №4);
- Тезистерді талапқа сай рәсімдеп жіберу (Қосымшалар №2, №5);
- Барлық авторлар мен кафедра меңгерушілерінің қолдары қойылған және мөр басылған тезистің сканерленген нұсқасын (jpg немесе pdf форматында) жіберу;
- 1,2,3 пунктердегі келтірілген құжаттарды конференция ұйымдастыру комитеті электронды поштасына [email protected] жіберіледі.
Сіздердің ғылыми жұмыстарыңыз келіп түскеннен кейін, ұйымдастырушы комитет сіздерге шақыру жібереді және конференцияға қатысу туралы қосымша ақпаратты хабарлайды.
Қатысуға өтініштер 2015 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу және тезистерді жариялау – тегін. Іс-сапар шығыны жіберген жақтың есебінен жүргізіледі. Тоқтайтын орын ҚазҰМУ-нің студенттік жатақханасынан берілуі мүмкін.
Конференцияның өтілетін орны: ҚР, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті. Арнайы сайты: www.kaznmu.kz
Ұйымдастырушы комитеттің байланыс түрлері:
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ және ЖҒК, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру тобы.
Бас маман: Нуралина Маржан Ембергеновна.
Маман: Мухамеджанова ЖадыраМаулетовна.
Тел: +7 727 338 7090, ішкі(7129), E–mail: [email protected]
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттік ғылыми қоғамы.
Төраға: Хисамутдинов Наиль Фанильевич. Тел: +7 707 117 5752.
E–mail: [email protected]
Skype: khissamutdinov_n
- Конференцияны ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы[email protected];
- Қосымша ақпарат арнайы сайттарда:
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ www.kaznmu.kz,
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ nirs.kaznmu.kz,
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ Вконтакте тобы vk.com/snokaznmu.
Информ. письмо – Наука и медицина современный взгляд молодежи – 2015
Ақпараттық хат – Ғылым және медицина жастардың заманауи көзқарасы – 2015
Inf letter – Science and medicine a modern view of youth – 2015