Қазақ ұлттық медицина университеті 2023-2024 оқу жылын қалай бастайды?
Білім әлеміне қадам басып, кәсіби тұрғыдан даму – әрбір студенттің өміріндегі ұмытылмас кезең. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жоғары сапалы білім беру мен қазақстандық және әлемдік медицинаның элитасын даярлаудағы көпжылдық тарихын абыроймен жалғастыра отырып, биыл 93-ші рет студенттерге есігін айқара ашады. Әрбір үшінші қазақстандық дәрігердің білім ордасы болып табылатын университет туралы толық мағлұматты ұсынамыз.
Бүгінде ҚазҰМУ:
- 91 жылдық даңқты тарих
- 100 мыңнан астам түлек – еліміздің үздік дәрігерлері
- 15 мыңға жуық білім алушы
- 7 мектеп және факультеттер
- 70 кафедра
- 4 университеттік емханалар
- 140 клиникалық база
- 5 ғылыми орталық және ғылыми-зерттеу институттары
- 7 оқу корпусы
- 8 жатақхана
- 99,3 пайыз түлектерді жұмыспен қамту
- күшті профессор-оқытушылар құрамы – 1297 оқытушы
- ҚР оқуға түсушілер үшін ең жоғары балл – 137
- 89 білім беру бағдарламасы
- 8 бірлескен білім беру бағдарламалары
- 3 қос диплом бағдарламасы
- Қазақстандық және халықаралық рейтингтердегі үздік орындар
- елдегі ең ірі Симуляциялық орталық
- бірегей анатомиялық зал