Қазақ ұлттық медицина университеті Алматыда ауқымды арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға қатысады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арнайы тактикалық жаттығуларды ұйымдастыруға қатысады. Алматыда дәрігерлер мен құтқарушылардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар өтеді. Оқу-жаттығулар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің көмегімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы денсаулық сақтау басқармасы, ҚазҰМУ және Ұлттық медицина қауымдастығымен ұйымдастырылады.
14 мамырда Жедел медициналық жәрдем станциясында, Жедел жәрдем ауруханасында және Қазақ ұлттық медицина университетінде Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының дәрігерлерімен кездесулер өтеді. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы медициналық білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді.
15 мамырда ауқымды оқу-жаттығулар мен «Өмір үшін интеграция» форумы өтеді
Алғашқы іс-шаралар қалалық кардиологиялық орталықта сағат 8.00 басталады. Аталған оқу-жаттығулар аясында төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті пысықталады. Дәл осындай жаттығулар №1 қалалық перзентханада да өтеді.
Сағат 10.00 қалалық сирена – дабыл сигналы берілді. ҚазҰМУ аумағында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындықтан өтеді. Студенттер эвакуацияланады, зардап шеккендер №7 ғимараттың шатырынан түсіріледі, өрт сөндіру демонстрациясы жасалады. Ибн-Сина алаңында зардап шеккендерді бөлу және зардап шеккендерге психологиялық және медициналық көмек көрсету ұйымдастырылады. ҚазҰМУ аумағында Қызыл жарты ай және Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару орталығының шатырлары, Апаттар медицинасы орталығы филиалының модульдік ауруханасы орналастырылады.
ҚазҰМУ оқу-жаттығуларына ҚазҰМУ жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Апаттар медицинасы орталығы» Алматы қаласы бойынша филиалы, Қызыл жарты ай, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Құтқару қызметі, Республикалық жедел құтқару жасағы қатысады.
Сондай-ақ Университет аумағында ҚазҰМУ әскери дәрігерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылады және су тасқынынан зардап шеккендерге ынтымақтастық пен қолдау белгісі ретінде «Біз біргеміз! Мы вместе!» флешмобы ұйымдастырылады. Сағат 11.00 оқу-жаттығулар Қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен ҰОС ардагерлерінің қалалық емханасының аумағында жалғасады. Жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
ҚазҰМУ базасында «Өмір үшін интеграция» форумы сағат 15.00 басталады.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов құттықтау сөзін сөйлейді. Ресей мен Қытайдан келген қонақтар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық медицина қауымдастығының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қырғызстанның Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан-Ресей медицина университеті, И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының өкілдері сөз алады.
Баяндамалар Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар кезіндегі тәжірибесіне, Қырғызстан, Қытай және Ресейдегі төтенше жағдайлар кезіндегі әскери дәрігерлердің тәжірибесі және Алматы әуежайы аумағында жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге арналады.
ҚазҰМУ – Қазақстандағы ең ірі медициналық университеттердің бірі. Университет құрамына университеттік клиникалар мен ірі ғылыми орталықтар кіреді. Алматыда 147 клиникалық пункт бар. Қазақ ұлттық медицина у ниверситетінде 15 мыңнан астам студент білім алады. Олар 89 білім беру бағдарламасы бойынша 9 мектеп пен 45 кафедрада оқытылады. Шетелдік және қазақстандық жетекші университеттермен бірлескен 9 білім беру бағдарламасы бар. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 99 пайыздан асады.