Қазақ ұлттық медицина университетінде онкогематология бойынша актілік дәрістер өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының ҚазҰМУ құрметті профессоры, Ёенсе университетінің профессоры, Северанс ауруханасының онкогематология бөлімінің профессоры Ю Чоль Чжумен кездесуі өтті. Кездесу аясында оқытушыларға, резиденттерге, интерндерге арналған келесі тақырыптарға актілік дәрістер өткізілді:
1. Гемостаз физиологиясы, гемофилияны емдеудегі соңғы әзірлемелер.
2. Қатерлі ісік ауруларын емдеудегі соңғы жетістіктер, алдағы проблемалар.
Профессор Ю Чоль Чжу Енсей университетінің түлегі. Ол еңбек жолын 1990 жылы Енсей университетінің Северанс клиникасының балалар онкогематологиясының лекторы қызметінен бастады. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы клиниканың бөлімшесінің профессоры.
2018 жылдың 12 қыркүйегінде профессор Ю Чоль Чжуға «ҚазҰМУ құрметті профессоры» атағын беру рәсімі өтті. Сол күні профессор «Корея Республикасында гемопоэтикалық жасаушаларды транспланттау» тақырыбында дәріс оқыды.
2019 жылғы 24 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Оңтүстік Кореядан келген профессордың есімі берілген аудитория ашылды. Ю Чоль Чжу жүздеген қазақстандық балаларды құтқарған онкогематолог болып табылады. Ашылу аясында профессор онкогематологтарға, оқытушылар мен студенттерге арналған «Балалар мен жасөспірімдердің жедел лимфоцитарлық лейкемиясының заманауи үрдістері» тақырыбында дәрістер өткізді.
Профессор Ю Чоль Чжу қазақстандық балаларды емдеуге елеулі үлес қосты. Ол Оңтүстік Кореяға емделуге келген онкологиялық сырқаты бар сәбилердің ата-аналарына тегін тұруға мүмкіндік жасап қойған. Емделушілермен еріп келген туыстарын өз қаражатына салынған қонақ үйге орналастырады.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Қазақстанда онкогематологияның дамуына зор үлес қосқан ҚазҰМУ құрметті профессоры Ю Чоль Чжумен ынтымақтастық пен университеттегі оның атындағы аудитория зор ілтипатпен атап өтті.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Оңтүстік Кореядағы серіктестерімен ынтымақтастықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жетекші медициналық университеттің студенттері Кореяға білімін шыңдау және академиялық ұтқырлық бойынша барады, ал кореялық мамандар Қазақстанға дәрістер мен шеберлік-сыныптарын өткізу үшін жиі келіп тұрады. ҚазҰМУ бірқатар жетекші Корей медициналық және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық және серіктестік туралы мерзімсіз меморандумдарға қол қойған, бұл білім беру сапасын арттыруға және қазақстандық және корей дәрігерлері арасында тәжірибе алмасу бойынша тығыз байланыстарға түрткі болды.
Профессор Ю өз сөзінде Қазақстандағы медицина мен медициналық білім беруді дамытуға, әсіресе балалар онкологиясы саласындағы ынтымақтастыққа өз үлесін қосуға дайын екенін алға тартты. Сонымен қатар профессор Северанс ауруханасының жұмыс ерекшеліктері мен принциптерін жан-жақты баяндап, ҚазҰМУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамалары арқылы тәжірибе алмасудың одан әрі нығаюына үміт білдірді. Іс-сапар аясында профессор Ю Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болып, балалар онкологиялық қызметін дамыту бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылап, ауыр науқастарға кеңес беріп қайтты.