Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындыларын таныстырды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ректор Марат Шорановтың профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті.
Ректор «2022-2023 оқу жылындағы Университет қызметінің қорытындылары» атты баяндамасын таныстырды. Марат Шоранов алғы сөзінде кадрлық мәселелер туралы, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамының дәрежелілігін арттыру, қызметкерлердің еңбегін ішкі және мемлекеттік наградаларымен ынталандыру туралы толық баяндап берді. Ол білім алушылар контингенті, оның ішінде жазғы оқу орнын бітіруші түлектер мен жаңа студенттерді қабылдау туралы да айтып өтті.
«Бөлінген гранттар саны артты. Бізде ақылы негізде білім алу үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, стоматологиялық мектепте жоспарды артығымен орындап жатырмыз.
Баяндаманың ғылыми бөлімінде басталған және іске асырылып жатқан жобалар, ҒЗИ-мен ынтымақтастық, технопарк пен эндаумент қорын құру жоспарлары қамтылды. Клиникалық бөлімде клиникаларды дамыту бойынша жүргізілген іс-шаралар және келесі жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат берілді.
Ректор студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету, ҚазҰМУ ғимараттарына, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері мен оқу аудиторияларына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне жан-жақты тоқталып өтті.
Баяндаманың тағы бір тарауы қаржылық көрсеткіштерге, соның ішінде қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге және материалдық базаны жаңарту жоспарларына қатысты болды.
Баяндаманың қорытынды бөлімінде ректор 2023-2024 оқу жылына нық міндеттер қойды, оның ішінде сыртқы қаржыландыру аясында жүзеге асырылатын ғылыми жобалар мен бағдарламалардың санын арттыру және жас ғалымдарды қолдау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру үшін технопарк құру бар.