Қазақ ұлттық медицина университетінің Симуляциялық орталығында 200 астам құтқарушы шұғыл көмек көрсету курстарын аяқтады
Қазақ ұлттық медицина университетінің Симуляциялық орталығындағы «Алтын сағат» алғашқы медициналық көмек көрсету мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Курстың алғашқы аптасында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 226 қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеріп үлгерді. Маңызы зор білімді меңгеруге келесі кезекте қалалық полиция басқармасының өкілдері тұр. Жаттықтырушылар алдағы 2 айда осы маңызды дағдыларды 1000 астам құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үйретуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 11 сәуірде ҚазҰМУ Симуляциялық орталығында алғашқы медициналық көмек көрсету мектебінің «Алтын сағат» курстары басталды. Әлеуметтік акция идеясы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов тарапынан ұсынылып отыр. Алматы қаласының төтенше жағдайлар және жол полициясы қызметкерлерін оқыту тегін жүргізіледі.
«Алтын сағат» ережесі зардап шегушілілердің жағдайын тез тұрақтандыру және оның жағдайының нашарлауына жол бермеу, жәбірленушіге медициналық көмекті, оның ішінде шұғыл көмекті мүмкіндігінше тез және тиімді көрсетуді қамтиды.
Ағымдағы дайындық деңгейіне қарамастан, алғашқы медициналық көмек туралы білім кем дегенде жылына бір рет мерзімді түрде жаңартылуы қажет. Оқыту жүйелі түрде жүргізілуі міндетті. Дәл осылай, қосымша ресурстарды қажет етпей-ақ, алғашқы медициналық көмектің сапасын және құтқарылған адамдардың санын жақсартуға болады.
Оқытуды С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Симуляциялық орталығы мен Қосымша және кәсіптік білім беру институтының қызметкерлері жүргізеді. Бұл халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда Израиль, АҚШ және Ресейде білім алған сертификаты бар тренерлер. Олар үлкен клиникалық және педагогикалық тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлер.
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері тек теориялық сабақтар ғана емес, макеттерде практикалық жаттығулар жасайды, онда олар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуді, соның ішінде суда құтқарылған адамдарға көмек көрсетуді машықтана алады. Жаттығулар үшін өте шынайы 6-шы буын тренажерлары қолданылады. Бұл тренингке қатысушыларға алған дағдыларын іс жүзінде, нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.