Қазақ ұлттық медицина университетінің сабақ кестелері орталықтандырылып әзірленеді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде сабақ кестелерін құрудың жаңа тәртібі енгізіледі. Оларды енді кафедра меңгерушілері емес, орталықтандырылып жасалады.
«Иә, сырқаттану, іссапар, демалыс секілді жағдайлар бар. Бірақ бұл үшін шешімдер бар. Жүйеде өзара ауыстырылу механизмдері де қарастырылған», – деп хабарлады ректор Марат Шоранов тамыз конференциясында.
Ол бұл қажеттілікті педагогикалық жүктемені тең бөлу үшін екенін атап өтті. Университет жоспары бойынша кафедра меңгерушілерінің педагогикалық жүктемесін 550 сағатқа дейін қысқартып, жалақыны сақтап қалу қарастырылған. Сондай-ақ қазан айында оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысын кезекті көтеру циклі басталады, жалақыны 10 пайызға көтеру жоспарлануда.
«Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Көп жұмыс жасалды, бірақ әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек», – деді КазҰМУ ректоры Марат Шоранов тамыз конференциясында.