Қазақ ұлттық медицина университетінде «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» тақырыбындағы арнайы мамандармен кездесу өтті.
Қазақ ұлттық медицина университетінде құқықтық тәрбие бағыты бойынша 1 курс студенттеріне арналған «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» тақырыбындағы арнайы мамандармен кездесу өткізілді.
Кездесуге Алматы қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «НаркоСТОП» жобасының қызметкерлері, Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері, Коммуникативтік дағдылар кафедрасы қатысты.
Іс-шара барысында Алматы қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы өскелең ұрпақ арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан Кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, Лудомания – қоғам дерті, Жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу тақырыптары бойынша сөз қозғалды.