Қазақ ұлттық медицина университетіне жаңа ректор тағайындалды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ жаңа басқарма төрағасы – Ректоры тағайындалды. Қазақ ұлттық медицина университетін Шоранов Марат Едігеұлы басқарды. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Марат Шоранов Қазақстанның үздік дәрігерлерінің Альма-матері, еліміздегі ең көне университетінің он бесінші ректоры атанды.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін тәмамдаған.
2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
2019 жылы Нұр-сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
«Маған еліміздің ең ірі медициналық жоғары оқу орны, білім алған университетімнің ректоры болу мәртебесі бұйырды, маған артқан сенім үшін алғысымды білдіремін және университетті дамыту үшін бар күш-жігерімді саламын».