Қазақ ұлтық медицина университетінде стоматология мектебінің 368 түлегіне дипломдар табысталды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің стоматология мектебінің түлектеріне дипломдар табысталды. Еліміздің жетекші медициналық университетінің бакалавр дәрежесін 224 түлек алды, тағы 144 болашақ стоматолог интернатураны тәмамдады. Үздік үлгерімімен ерекшеленетін 9 түлекке қызыл дипломдардар табысталды.
«Құрметті түлектер, ата-аналар, әріптестер, оқытушылар, мен сіздерді осы мерейлі күнмен шын жүректен құттықтаймын және сіздердің өмірлеріңіздің ең елеулі және есте қаларлық сатысының бірі аяқталды деп санаймын. Сіздер аталмыш жылдар аралығында мұнда өмірлік достарыңызды, ұстаздарыңызды таптыңыздар, олар сіздердің өмірлік ұстаздарыңыз болып қала бермек. Бүгін сіздер университеттің табалдырығын аттай отырып, тәуелсіз ересек еңбек өміріне қадам басасыздар. Әр түрлі сәттерге тап келесіздер, көп еңбектену қажет және медицина университетінің студенті бір рет диплом алғанымен, бүгіннен бастап өмір бойы барлықтарыңыз өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызды жетілдіруге міндеттелесіздер. Барлық жаңа әзірлемелер мен жетістіктердің ізімен жүрулеріңіз қажет. Бұл заманауи дәрігердің басты миссиясы. Өз халқымызға сапалы медициналық көмек көрсету үшін күнделікті еңбектену қажет. Дәрігер мамандығы жауапкершілігі мол, себебі бізге халық ең құнды – денсаулығы мен өмірі сенеді», – деп құттықтады ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Университет ректоры стоматология мектебінің түлектеріне қызметте тек 100 пайыздық жетістікке жетуді тіледі.
«Сіздерден сұрайын, 99,9% нәтиже сіздерге жақсы нәтиже ме? Мен 99,9% жақсы көрсеткіш емес деп жауап берер едім! Неліктен? Себебі осы жүз пайыз Қазақстанда жыл сайын 80 мыңнан астам операция сәтсіз аяқталатынын, 600 астам жедел жәрдем көлігі дұрыс емес мекенжайға баратынын немесе 200 мың қазақстандыққа білікті медициналық көмек көрсетілмейтінін білдіреді. Сондықтан сіздерге болашақта тек 100% жетістікпен, 100% сәттілікпен жұмыс жасауды тілеймін.
Марат Шоранов сонымен қатар биылғы түлектер Жаңа Қазақстанның алғашқы түлектері екенін атап өтті.
«Бүгін жаңа Қазақстанда, жақында біз референдумда Конституцияға өзгерістер енгізу үшін дауыс бердік, Президент нақты міндеттерді қойды. Сіздер – осы жылдың түлектері жаңа Қазақстанның алғашқы түлегісіздер, елімізді іргесін болашақта сіздер қалайсыздар!»,- деді ҚазҰМУ ректоры.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақ-ұлтық-медицина-университетінд-2/