Қазақстан Медицина Жастары Дүниежүзілік Медицина студенттері Федерациясының Ассамблеясына қатысты
Қазақстан Медицина Жастары Мальта мемлекетінде болып өткен Дүниежүзілік Медицина студенттері Федерациясының 65-Генеральды Ассамблеясына қатысты.
Қазақстан Медицина Жастары, КазМСА ұйымы 28 ақпан – 12 наурыз аралығында Мальта мемлекеті, Луа қалсында болып өткен IFMSА – (International Federation of Medical Students Associations) Халықаралық Медицина Студенттері Ассоцациясы Федерациясының 65-Генеральды ассамблеясына қатысты. Қазақстанның барлық медицина университеттерінен 11 студент, соның ішінде Қазақ Ұлттық Медицина Университетінен 5 студент [Мастетбаева Акерке, Нарзулла Надир, Молдагалиева Кулия, Дияра Кадырбекова, Шамсиддинов Рамзи] 127 мемлекеттен келген 970 студенттің алдында Қазақстан Медицина Жастары Ассоцациясының жасап жатқан жұмыстарын, болашақтағы жоспарларын баяндап, ресми дауыс беру жолымен IFMSА-ның толық мүшесі атанды. КазМСА-ның IFMSА-ның толық мүшесі атануы Қазақстан медициналық студенттеріне арналған жаңа мүмкіндіктерге, солардан, клиникалық, тәжірибелік және ғылыми салаларда Халықаралық аренада, дүниежүзі студенттерімен алмасу мүмкіншілігіне ие болуын білдіреді. Болашақта Қазақстан Медицина Студенттерін Әлемдік аренаға алып шығу, медицинамызды дамыту, ғылыми-тәжірибелік алмасуды нығайту жоспарланып отыр.
Ассамблеяға қатысу барысында КазМСА ұйымына үлкен көмегін тигізген Оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор Қ. А. Тулебаевқа, Жалпы Медицина факультетінің деканы Р. Т. Жумашеваға, студенттердің қоғамдық-мәдени дағдыларын дамыту бойынша департамент бастығы Л. С Шынгысбаевқа, 3-4 курс декан орынбасарлары және Студенттердің өзін-өзі басқару бөліміне шексіз алғысымызды білдіреміз.