«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес
2022 жылдың 13 сәуірінде «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ Т.Шарманов Даңқ залында (бұдан әрі – Университет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Алмалы ауданы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығымен бірлесіп, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің әкімшілік-құқықтық бөлімі маманының қатысуымен «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды.
Модератор:
Датхаев Убайдилла Махамбетович-Корпоративтік даму жөніндегі проректор
Семинар қонақтары:
Қалимолдин Марат Маутенұлы-Алмалы ауданы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы;
Ақжан Ескендір-Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы.
Семинарға қатысушылар: Мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы.