«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ» «COVID-19 ДИАГНОСТИКАСЫ, ПРОФИЛАКТИКАСЫ, ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ» «COVID-19 ДИАГНОСТИКАСЫ, ПРОФИЛАКТИКАСЫ, ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ
«Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім» «COVID-19 диагностикасы, емдеу, алдын-алу және қалпына келтірудің заманауи тәсілдері» III Халықаралық конгресі 2020 жылдың 26-27 қарашасында өтті. Халықаралық конгреске Ресей, Чехия, Өзбекстан және Қырғызстаннан спикерлер қатысты.
Конгрессте келесі баяндамалар жасалды: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖМЖБ кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Мусаев А.Т., кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ахметова Г.Д., Алматы қаласы ҚДСМ жедел жәрдем қызметі директоры Оспанов Б.Ж., Сапаны бақылау жөніндегі директордың орынбасары Ложкин А.А,. ЖТТ №2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Д.О.Карибаева,. ассистенттер медицина магистрі Балқанай Г.Б., Турланова А.К,. резиденттер мен интерндер Амрин С.Т., Сатбаева А.С., Алиев Д.Қ., Қазыбек Т.К., Амихан Б.Т., Рахматуллаева Ш.И., Әбдіған Б.А.
«Госпитальға дейінгі Covid 19» секциясының модераторы, профессор А.Т.Мусаев конгреске қатысушыларға С.Ж.Асфендяиров атындағы ҚазҰМУ 90 жылдық мерей тойына және ЖМЖБ кафедрасының негізін қалаушы медицина ғылымының докторы, профессор Турланов К.М рухына арналғанын айтып өтті.
Халықаралық конгреске Қазақстанның бірнеше қалаларымен қатар, шет елдердің ғалымдары, сонымен қатар Алматы қаласының жедел жәрдем қызметінің дәрігерлерімен бірге БМСК дәрігерлері қатысып, көптеген пайдалы ақпараттар мен Covid-19 инфекцияларына арналған халықаралық ұсыныстармен таныстырды.