Қазақстан Республикасының Конституциясына-25 жыл
Үстіміздегі 2020 жылдың 28 тамызы күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, онлайн мерекелік іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің құқықтық, саяси – әлеуметтік, экономикалық дамуының басты кепілі болып табылады. Биылғы жылы қолданыстағы Ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толады.
Аталынған іс-шараға университет әкімшілігі, қонақтар, оқытушылар, студенттер қатысты. Мерекелік іс-шараның ұйымдастыру жұмысына Жастар саясаты басқармасы және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары біріге атсалысты.
Университет әкімшілігі атынан барша қауымды Конституция күнімен Корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев Убайдилла Махамбетұлы құттықтады.
Сондай-ақ, арнайы шақырылған Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тулебаев Турғанжан Абеуович Ата заңның маңыздылығы мен тарихына жете тоқталып өтті. Ел қорғаушылары атынан Алматы қаласынан келген Қазақстан Республикасы Қарулы күштер десанттық шабуылдаушы әскерінің аға лейтенанты Кошербаев Алмаз Болатұлы құттықтау сөз сөйледі. Мереке барысында ҚазҰМУ Студенттік театрының қатысушылары, Фармация мектебінің 2 курс студенттері Орымбек Лаура және Турсын Сырым танымал қазақ ақындарының туған жер, отан жайлы жазған шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
Мерекелік іс-шараны қорытындылаған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ногайбаева Зауреш Арыстанбекқызы қонақтар мен барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, барша қауымды айтулы мерекемен құттықтады.
Жастар саясаты басқармасы