Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Бүгін еліміз ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтуде. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың сақталуының сенімді кепілі, халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік іргетасы. Тарих қазақстандықтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын үнемі жақсартуға ұмтылғандығын айқын аңғартады. Бүгінде еліміздің Ата Заңы өзгергеннен кейін бізде елеулі өзгерістер қарсаңында тұрмыз. Біртұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастыра отырып, Қазақстан реформалар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен жолдауларына негізделген жан-жақты жаңғыртуға бағыт алды. Біздің мақсатымыз – барлық жоспарларды жүзеге асыру. Елді қайта құруда қазақстандықтардың жас буынының алатын орны ерекше екені белгілі. Қазақстанның басты құндылығы мен ерекшелігі – көпұлтты елдің бірлігі мен берекесі, нәсілдік, жыныстық және басқа да белгілері бойынша қандай да бір шектеулерге жол бермеу. Еңбек ету бостандығы, сөз бен шығармашылық еркіндігі – мұның бәрі Конституцияда бекітілген мызғымас постулаттар. Осы құндылықтардың жарқын мысалы біздің университет – Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті болып табылады, мұнда әлемнің 20-дан астам елінен келген әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында үздік білім алып, медицина саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Ең қастерлі құндылықтарымызды сақтайық!
Ата Заңымыз тек ең жақсы өзгерістерді қамтып, қазақстандықтардың мүддесіне қызмет етіп, еліміздегі құқықтар мен бостандықтардың сенімді қалқаны бола берсін. Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер, қымбатты студенттер. Әр шаңырақта береке-бірлік, бейбітшілік пен тыныштық болсын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, оқуда және еңбекте сәттілік тілейміз.
Құрметпен,
Марат Шоранов