«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Назар аударыңыз!!!
Құрметті түлектер мен жоғары оқу орындарының студенттері!
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.
Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.
Қор ЖЖОКБҰ-на қабылдауға қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат бермейді. Осы сұрақтар бойынша ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Сондай-ақ Қор ЖЖОКБҰ-ң ақылы бөлімдерде оқитын студенттеріне Қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн-өтінім береді.
КАЗГЮУ студенттері «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының сайтында өтінім береді: https://endowment.kazguu.kz/ru/
«Taiburyl» ҚБ мен «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ студенттерден (ЖЖОКБҰ ақылы бөлімінде оқитындар және Қор қаражаты есебінен оқуын жалғастырғысы келетіндер) өтінімдерді қабылдау және оларды өңдеу үшін өтеусіз техникалық алаңдарын ұсынады, яғни «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда «Қазақстан халқына» қорына көмек көрсетіп, жобаның техникалық әріптестері болып табылады.
Грант алушылар қабылдаушы университеттің академиялық талаптарын ұстануы тиіс және бағдарлама бойы толық оқу курсынан өтуге міндетті. Бұл шарттың орындалмауы қаржылық қолдауды тоқтатуға негіздеме болуы мүмкін
Сұрақтар-жауаптар:
- «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады?
Білім беру грантын алуға үміткерлер:
- ЖЖОКБҰ-да (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында жарияланған) күндізгі оқу бөлімінде бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде білім алуға үміткер түлектер.
Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады (Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес).
- Қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуын жалғастыру үшін ЖЖОКБҰ студенттері. Қордың грантына (шәкіртақымен) үміткер студенттерді іріктеуді:
– «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігі жүргізеді,
– «КАЗГЮУ Эндаумент» корпоративтік қоры КАЗГЮУ студенттерін іріктеу үшін жүргізеді
- Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?
1) ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін Бағдарламаның қатысушылар іріктеу критерийлері:
ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту баллын жинаған түлектер:
– ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
– жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
– мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
2) ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:
– мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
– жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
– ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
– толық емес отбасыдан, 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
– ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның гранты мен шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) 01-15 тамыз аралығында:
– «Taiburyl» ҚБ сайтында: https://www.taiburyl.kz/
– ҚазМЗУ студенттері «ҚазМЗУ эндаумент» корпоративтік қорының сайтында https://endowment.kazguu.kz/ru / – онлайн өтінім бере алады.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ң грантын және шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтында 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында онлайн-өтінім бере алады.
- Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі?
«Қазақстан халқына» ҚҚ-ң 2022-2023 оқу жылына білім беру гранты» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ (университеттердің) тізбесі «Қазақстан халқына» ҚБ-ң https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190 сайтында жарияланған.
Мамандықты түлектің өзі таңдайды, яғни мамандықтар бойынша шектеулер жоқ.
- Грант қандай оқу кезеңіне таралады, оқу құны бойынша шектеме бар ма?
Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды.
Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.
- Грант алушылардың Қордың алдында қандай да бір міндеттемелері бар ма?
Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.
- Грант беру туралы кесімді шешімді кім қабылдайды?
Ағымдағы оқу жылында түлектердің арасынан үміткерлерді іріктеуді білім беру гранттарын жүзеге асыру аясында ЖЖОКБҰ (университтер) жанында әрекет ететін қабылдау комиссиясы немесе кез-келген басқа комиссия жүзеге асырады. Яғни, түпкілікті шешімді ЖЖОКБҰ жанындағы Комиссия қабылдайды. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі беріледі.
Студенттердің арасында грантқа үміткерлерді іріктеуді «Taiburyl» ҚБ жанында құрылған комиссиялар жүзеге асырады. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен студенттердің тізімі беріледі.
- Студент қандай жағдайларда гранттан айырыла алады?
Білім беру грантын төлеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:
– жеке себептері бойынша немесе денсаулығына байланысты оқуын тоқтатқан кезде (академиялық демалыс), студент білім беру ұйымынан шығарылған кезде, студент басқа оқу орнына ауысқан кезде, студент алмасу бағдарламаларының аясында басқа білім беру ұйымында оқыған жағдайды ескермегенде.
- «Қазақстан халқына» қорының грантына үміткер басқа бағдарламаларға қатыса ала ма? Не болмаса мемлекеттік грантқа үміткер бола ала ма?
Грантқа үміткер (түлек) конкурстарға қатыса алады:
– мемлекеттік грант берілетін конкурсқа қатыса алады, себебі «Қазақстан халқына» қорының грантын алуға қатысты өтінім республикалық конкурстық комиссия республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру конкурсын өткізгеннен кейін беріледі, яғни грантқа өтінім 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында (5 күн ішінде) қабылданады;
– конкурстарды өткізу мерзімдері бір-біріне сай болмаған жағдайда басқа бағдарламалар бойынша (жергілікті атқарушы органдардың гранттары және басқалары), конкурстарды өткізу мерзімдері сай болған жағдайда қандай да бір конкурстың пайдасына таңдау жасалады.
- ҚР-ң аумағында тұратын басқа елдің резиденті конкурсқа қатыса ала ма?
– қатыса алмайды.
- Мектепті/колледжді ағымдағы жылы емес, бұрын тәмамдаған үміткер конкурсқа қатыса ала ма?
– қатыса алады.
- Өтінімді қалай беруге болады?
Мектептер мен балалар үйлерінің түлектері жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтінімді растаушы құжаттармен бірге береді.
- Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін түлектер ЖОО-рдың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды тапсырады:
п/н | Документы |
1 | Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
2 | Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
3 | Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды) |
4 | ҰБТ сертификатының көшірмесі (ағымдағы жылдың кез келген сертификаты) |
5 | Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы:
– мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар; – жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар; ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; – ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; |
6 | Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі |
7 | Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама |
8 | АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО) |
9 | Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса) |
10 | Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда) |
- Ақылы бөлімдерде оқитын студенттер үшін құжаттардың тізбесі:
п/н | Документы
|
1 | Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі |
2 | Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
3 | Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы
(үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды) |
4 | Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы:
– мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар; – жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар; ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; – ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; – толық емес отбасыдан 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыдан шыққан студенттер; – ата-аналары/ата-анасының біреуі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер
|
5 | Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі |
6 | АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)
|
7 | Үміткердің/не ата-анасының/Кәмелетке толғанға дейін туған аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) мүгедектігін растау туралы анықтама (ХҚО алу орны) |
8 | Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт)
(алған орны-деканат) |
9 | Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама |
10 | Үміткердің балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса)
|
11 | Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса) |
12 | Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда) |
13 | Мотивациялық хат:
– өзіңіз және отбасыңыз туралы ақпарат; қызығушылықтарыңыз бен қызығушылықтарыңыз, жетістіктеріңіз туралы; – оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат; – білім алу үшін осы мамандықты таңдау себебі туралы ақпарат
|
- Өтінімдер қай мерзімде беріледі?
Түлектерден өтінімдерді (жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары) мына кезең ішінде қабылдайды:
– 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында.
Ақылы топтарда оқитын студенттердің арасында грант алуға үміткерлерден құжаттар 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында қабылданады. Бұл ретте студенттер грант алуға өтінімді «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтында онлайн береді.
- Өтінімдер қаншай уақыт ішінде қарастырады?
Түлектердің өтінімдерін ЖЖОКБҰ жанындағы қабылдау комиссиясы 17 тамыздан бастап 21 тамыз аралығында қарастырады.
Студенттердің өтінімдерінің Комиссиясы 16 тамыздан бастап 25 тамыз аралығында қарастырады.