Қазақстанда алғаш рет: ҚазҰМУ университеттік клиникасында есту қабілеті бұзылған балаларға сүйек өткізгішті есту аппаратын импланттау отасы жасалды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Ақсай» университеттік балалар клиникалық ауруханасында есту мүшелерінің туа біткен ауытқулары бар балаларға сүйек өткізгішті есту аппаратын импланттау бойынша бірегей ота жасалды. Бүгін микротия, сыртқы есту жолының атрезиясы бар, есту қабілетінің 3-4 дәрежелі өткізгіштік төмендеуімен асқынған балаларға оталар жасалды. Бірден 2 күрделі операцияы Ақсай университеттік клиникасы директорының орынбасары Айгүл Медеулова жасады. Екі операция да сәтті өтті.
Есту мүшелерінің туа біткен ауытқулары бар балаларға сүйек өткізгішті есту аппаратын импланттау операциясы Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Бұл тікелей сүйек өткізгіштігі қағидаты бойынша дыбыс беруге байланысты науқастардың есту қабілетінің бұзылуын қалпына келтіруге арналған есту аппаратының түрі. Дыбыс процессоры дыбысты тірек, имплант және бас сүйек арқылы ішкі құлақтың кохлеясына берілетін дірілге айналдырады. Осылайша, есту қабілетінің жоғалуына себеп болған есту жүйесінің зақымдалған өткізгіш элементін ауыстырудың бір түрін жүзеге асырады.
«Елімізде екі құлағында да туа біткен ауытқулары бар 86 науқас бар екенін ескере отырып, аталмыш операция Қазақстанда алғаш рет бюджеттік бағдарлама аясында жасалып отыр. Нозологияның бұл түрі бар балалар сөйлеу дамуының айқын кешігуінен зардап шегеді, бұл кішкентай науқастардың өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді. Балалар 4.5 – 5 жасқа дейінгі жұмсақ таңғышы бар есту аппаратын тағады, кейін сүйек өткізгішті есту аппаратын имплантациялауға үміткерлерге көшеді. Ота жасауға шақырылған балалардың басым көпшілігінің есту аппаратын кию және сыртқы құлақ арнасын ашуда нәтижелері сәтсіз тәжірибелері бар.
Белсенді сүйек өткізгіштігінің импланты дыбысты сүйек арқылы дәл өткізеді. Ол құлақтың артында орналасқан қалыңдықта қалады, өйткені бұл балалардың санатында ішкі құлақ есту нервісі бар, ол толығымен сақталған, сондықтан имплант сүйек қалыңдығында қалады, ал сүйекке түскен дыбыс, ішкі құлаққа дыбысты өткізеді, соның арқасында бала естиді, яғни байланыс жоғалмайды», – деді импланттың әрекеті туралы «Ақсай» клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Айгүл Медеулова.
Бүгін импланттар 8 жасар екі балаға салынды. Екеуінде де есту мүшелерінің дамуының туа біткен патологиялары бар. Науқастардың біреуі конструктивті операция арқылы есту қабілетін қалпына келтіруге тырысқан. Шетелдік мамандар бір құлағының құлақ арнасын ашқан, бірақ операция ешқандай нәтиже бермеді. Баланың анасы сүйек өткізгіштігін имплантациялауға үміт артады.
«Менің ұлым 8 жаста, диагнозы екі жақты атрезия, микротия, құлақ жабық, естімейді. Біз басқа шетелдік дәрігерге ақылы түрде ота жасатқанбыз, бірақ нәтиже болмады. Енді Айнұр Рахманқызына имплантация жасау үшін келдік. Қазір ол мектепте оқиды, әрине, түсінісуде, сөйлесуде проблемалар бар. Бұл оған өте қиын. Біздің сол құлағымыз ашылды, бірақ бәрі сәтсіз өтті, есту қабілеті пайда болмады. Енді барлық балалар сияқты бәрін естиміз және бәрі жақсы болады деп үміттенеміз», – дейді баланың анасы.
Осындай туа біткен кемістігі бар балалардың проблемасы сөйлеу дамуының айқын кешігуі болып табылады, мұндай балаларды мектепке қабылдамайды, дефектологтар есту және сөйлеудің дайын болмауына байланысты олармен айналысудан бас тартады. Мұндай балалар 5 жасқа дейін жұмсақ таңғышы бар есту аппаратын тағады, содан кейін оларға ота жасауға болады. Осындай диагнозы бар балаларға көмектесу әдістері 10 жыл бойы қарастырылды. Осы уақыт аралығында «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасының мамандары шетелдік әріптестерінің осындай операцияларды жүргізудегі тәжірибесін жіті зерттеді. Биыл туа біткен патологиясы бар балаларға есту қабілетінің нашарлығын ұмытуға жәрдемдесетін 21 имплант сатып алынды, олар операциялар барысында қолданылады. Бұл импланттар өмір бойына бір рет қойылады.
«Бұған дейін де талпыныстар болды, біз импланттарды тістікі сынды сүйек бағанына түйреуіш ретінде бұрадық. Бірақ балалар екенін ескере отырып, қабынудың алдын алу үшін оларға күтім жасау керек. Сондай-ақ бұл имплант ұзақ уақыт бойы техникалық қызмет көрсетуде ешқандай проблемалар жоқ екенін дәлелдеді. Ол сүйекте орналасқан дыбыстың берілуі жүз пайыз, өйткені тікелей сүйекте, сыртта емес. Мұның барлығы мықтап тігілген және тек имплант, оны шомылу немесе ұйықтау кезінде алып тастауға болады. Өмір сүруге мүлдем кедергі жасамайды», – дейді Айгүл Медеуова.
Екі операция да сәтті өтті. Импланттың өзі екі бөліктен тұрады: ішкі және сыртқы. Бүгін ота барысында ұлдарға импланттың ішкі бөлігі орнатылды. Бір айдан кейін ол құрылғының сыртқы бөлігіне қосылады, содан кейін кішкентай науқастар барлық адамдар сынды әлемді есту мүмкіндіне ие болады. «Ақсай» университетінің клиникасында жыл соңына дейін дәл осындай 21 жуық ота жасау жоспарлануда.
Қазақстан Республикасында құлақ дамуының туа біткен ақаулары бар 3000-нан астам бала тіркелген.