Қазақстандағы 20 университет әлем бойынша үздіктер қатарына енді
Елдегі 20-дан аса жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік 1500 университетінің қатарына енді. Тиісті тізімді QS халықаралық рейтинг агенттігі жылына бір рет жариялайды. Биылғы іріктеуге 2500-ге жуық университет қатысып, оның жартысына жуығы үздіктер қатарынан көрінді. Сарапшылар білім сапасы ғана емес, студенттердің пікірлері мен университеттің ғылыми әлеуетін де ескереді. Осыған орай Алматыда үздік деп танылған оқу орындарының өкілдеріне арнайы сертификаттар табысталды. Мамандардың айтуынша, бұл қазақстандық білім саласының әлемдік аренада салмағы артып келе жатқанының айғағы. Алдағы уақытта рейтингке енген университеттер өзара тәжірибе алмасып отырады. Бұл білім саласына артылған сенім мен жауапкершілікті еселей түсер қадам.
Сергей Христолюбов , QS халықаралық рейтинг агенттігінің аймақтық директоры:
– Бұл 4 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп. Яғни жыл сайын рейтингке өтінім қалдыратын университеттер саны артып келеді. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының біздің рейтингте оң динамика көрсетіп отырғаны біз үшін де қуанышты жаңалық.
Марат Шоранов, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры:
– Сондықтан өзіміздің орындарымызды қарап, ары қарай да жұмысымызды қарап, сол рейтингте өзіміздің позицияларымызды жақсартуға бар күшімізді саламыз.