Қазақстанның дәрілік өсімдіктері: дәстүрлі білімнен заманауи ғылымға дейін
ҚазҰМУ ғылыми сериясының төртінші шығарылымы Қазақстанның дәрілік өсімдіктеріне және оларды заманауи ғылыми әдістермен зерттеуге арналған.
Жаңа бейнематериалдың тақырыбы – “Kazakhstan’s Medicinal Plants: From Traditional Knowledge to Modern Science”.
ҚазҰМУ ғалымдары жергілікті өсімдіктердің химиялық құрамын және олардың биологиялық белсенділігін зерттеп, дәрілік өсімдік шикізаты туралы дәстүрлі білімді заманауи зертханалық тәсілдермен ұштастырады.
Шығарылымда Қазақстанда өсетін Adonis tianschanica және басқа да өсімдік түрлеріне арналған зерттеулер ұсынылған. Ғалымдар олардың құрамындағы биологиялық белсенді қосылыстарды, сондай-ақ қабынуға қарсы, микробқа қарсы және вирусқа қарсы әлеуетін зерттейді.
Алынған нәтижелер одан әрі зерттеуге және фармацевтика мен биомедицинада ықтимал қолдануға перспективалы табиғи қосылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Серия ҚазҰМУ мен iesResearch бірлесіп әзірленуде және халықаралық ғылыми қауымдастықты Университетте жүргізіліп жатқан зерттеулермен таныстырады.


