ҚазҰМУ 57 білім беру бағдарламасының халықаралы аккредитациясынан сәтті өтті
Сыртқы сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Аккредиттеу Кеңесі аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) (2026 жылғы 27 наурыздағы № 100 хаттамасымен) университеттің білім беру бағдарламаларын 5 жыл мерзімге аккредиттеу бере отырып, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес деп тану туралы шешім қабылдады.
Барлығы 57 білім беру бағдарламасы аккредиттелген, оның ішінде: 6 бакалавриат бағдарламасы, 12 магистратура бағдарламасы, 5 докторантура бағдарламасы және 34 резидентура бағдарламасы.
Халықаралық аккредиттеуді алу білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға (WFME, ESG) сәйкестігін, денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін, университеттің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға дайындығын растайды.
Университет басшылығы профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларға, клиникалық базаларға және аккредиттеуге дайындыққа қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді.
Аккредиттеуден сәтті өту университеттің жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады және оның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының қатарындағы ұстанымын растайды.



