ҚазҰМУ ANaMed Info ақпараттық AI-агентін ұсынады
ҚазҰМУ университет қызметі туралы ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті ұсынады.
🔗 https://aiinfo.kaznmu.edu.kz/
Енді пайдаланушыға қажетті мәліметтерді сайттың әртүрлі бөлімдерінен өз бетінше іздеудің қажеті жоқ – сұрақты еркін түрде қойып, құрылымдалған жауап алу жеткілікті.
AI-агенттің көмегімен ҚазҰМУ-дың білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалары, іс-шаралары, мектептері, кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ сервис студенттер мен жас ғалымдарға арналған мүмкіндіктер туралы мәлімет береді, қажетті байланыс деректері мен ресми ақпараттық ресурстарды табуға көмектеседі.
Сервис студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге, талапкерлер мен олардың ата-аналарына, магистранттарға, докторанттарға, зерттеушілерге және университет серіктестеріне пайдалы болады.
AI-агенттің іске қосылуы ҚазҰМУ-дың цифрлық ортасын дамыту және заманауи жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.
Назар аударамыз: сервис университеттің ресми құжаттары мен шешімдерін алмастырмайды. Әкімшілік, академиялық, кадрлық немесе нормативтік маңызы бар мәселелер бойынша ҚазҰМУ-дың ресми ақпаратына және тиісті құрылымдық бөлімшелер ұсынған мәліметтерге басымдық беріледі.
Студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді, талапкерлерді, зерттеушілерді, серіктестерді және ҚазҰМУ қызметіне қызығушылық танытқан барша қауымды жаңа сервисті пайдаланып, оның мүмкіндіктерін бағалауға шақырамыз.



