ҚазҰМУ Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде
2017 жылдың 3 ақпанында Орталық қалалық клиникалық ауруханада Бүккіләлемдік Қысқы Универсиада аясында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен ұйымдастырылған «Беделді кәсіпті таңдаймыз!» атты Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмысына еліміздің аймақтарынан денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, республикалық ұйымдардың, Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмысына еліміздің аймақтарынан денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, республикалық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жеке меншік клиникалардың өкілдері, сонымен қатар жоғары оқу орындарының интерндері, резиденттері, магистранттары мен докторанттары, колледж түлектері қатысты. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті бұл іс-шараға белсенді түрде қатысты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің басты мақсаты – кадрлар жетіспеушілігі жағдайын өзгерту.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.И. Ахметов ашты. Алматы қ. ДСБ басшысы өз сөзінде 2016 жылы жұмысқа келген 1477 дәрігердің 420-сы жас мамандар екендігін және Денсаулық сақтау басқармасы, қала әкімшілігінің қолдауымен, жас мамандардың орындарда бекінуі мақсатында оларға әлеуметтік көмек көрсететіндігін, дифференцирленген еңбек ақы төлеу арқылы, жұмыс нәтижесі бойынша ынталандырушы төлемақыларды беру, кәсібилігін және тәжірибелік жетілдіруді үнемі жоғарылатып отыру арқылы қамтамасыз ететіндігін, сонымен қатар жыл сайын кәсіби конкурстарды өткізетіндігін айтып өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің барысында жұмыс берушілер – медицина ұйымдарының жетекшілері ізденушілерді өз ұйымдарының жұмысымен таныстырып, оларға ақпараттық материалдар мен презентацияларын ұсынды. Іс-шара бағдарламасына сәйкес, жәрмеңкеге қатысушы – интерндер, резиденттер, магистранттар мен докторанттар резюмені дұрыс құрастыру, жұмыс орнын іздеу және жұмыс берушілермен сұхбаттасу бойынша мастер-класстардан өту мүмкіндігіне ие болды.
Қабылдау, кәсіби-бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді
жұмыспен қамту басқармасы