ҚазҰМУ: Білім беру бағдарламаларына алғаш рет бесжылдық аккредитация берілді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов тамыз конференциясында білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы жан-жақты айтып берді. Университеттің 89 жеке білім беру бағдарламалары бар, олар үнемі заман талабына сай жаңартылып отырады.
2024 жылдың маусым айында ҚазҰМУ бакалавриат бағдарламалары бойынша «Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және магистратурадағы «Мейірбике ісі» бағдарламалары бойынша Атамекен рейтингінде алдыңғы орындарға орнықты.
«Аккредиттеу және тәуелсіз агенттігі» алғаш рет «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Медициналық-профилактикалық іс», «Нутрициология», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент (профильді бағыт)», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» және «Мейірбике ғылымы» бакалавриат және магистратура бағдарламаларына бесжылдық аккредитация берді.
«Біз алғаш рет барлық бағдарламаларға бесжылдық ең ұзақ мерзімді аккредитация алдық. Бұл біздің дайындықтың жоғары деңгейін, жақсы түсіністік пен мойындауды білдіреді. Бұрын біз бір жылға, кейбіріне үш жылға алсақ, биыл барлық бағдарламаларымызға бес жылдық аккредитация алдық», – деді Марат Шоранов.
2024 жылы «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшіліктендіру EMBA» бағдарламасы әзірленді.